М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dramidontova
dramidontova
22.12.2022 20:50 •  Қазақ тiлi

Көлік жасау тарихы туралы іздену. Карл Бенц туралы қызықты мәліметтер. Өтініш? осыны орындап жіберестерма

👇
Ответ:
bogdantanya20171
bogdantanya20171
22.12.2022
Неміс Карл Бенц әлемдегі бірінші автомобильді шығарды деп ресми түрде танылды. Ол 1884 жылы дүниеге келген, дәл осы жылы Фюрт пен Нюрнберг темір жол желісінің қосылған жылы болды. Ал 15 жылдан кейін әлем іштен жану қозғалтқышы жайлы естиді. Оны Бельгияда Этьен Ленуар құрылымдап шығады.

Бэнцтың балалық және бозбала шағы Карлсруэ қаласында өтті. Оның әкесі локомотив жүргізушісі болып жұмыс істеді, кейін баласы екі жаста болғанда қаза табады. Карлдың оқу үлгерімі жақсы болды. Политехникалық университетті аяқтағаннан кейін ол бу машиналарын шығаратын ұйымда сызбашы болып жұмысқа тұрады. Кейін ол Мангеймде орналасқан болат құю зауытына жұмысқа ауысады. Онда бас механик болып, кейін Пфорцхаймға конструкторлық бюроға бас инженер болып ауысады.

1871 жылы Мангеймде шағын құю өндірісі ашылады, оның негізін Карл Бенц пен Август Риттер қалайды. Алайда серіктестің айла-шарғысынан кейін (Август Риттердің) біріккен бизнестері қиын кезеңдерді бастан өткереді. Оны банкроттықтан қалыңдығы Берта Рингер құтқарады. Ол жасау болып келген қаражатын оның қарызын өтеп, Карлды осы өндірістің жалғыз иесі етеді.

Қарызды қайтарған Бенц кәсіпорынның жалғыз егесі болып қалады. Бірақ ол кезекті дағдарыстан бас көтере алмай, қайтадан құлдырайды. Банкротқа ұшыраса да Бенцтің жігері жасымайды, оның айналысып жатқан жалғыз ісі іштен тұтанатын қозғалтқыш болады.

Ал 1878 жылы Карл Бенц өзі жасаған бірінші екі тактілі қозғалтқышты патенттейді. Бір жыл өткеннен кейін ол Мангеймнен шыққан тағы екі бизнесменмен бірге өндірісті бастап кетеді. Алайда ол серіктестерімен тағы да дұрыс байланыс орната алмай, 1883 жылы өз фирмасын құрады. Осыдан кейін өндірісі қалпына келтірілгеннен кейін жалғыз ғана арманы – көлік құралын жасауға кіріседі.

Бұл кезде көптеген өнертапқыш автомобиль жасау идеясымен әлек еді. Ұлты француз Николя-Жозеф Кюньо өздігінен жүре алатын көлік құралын жасаған тұңғыш өнертапқыш. Бұл оқиға 1769 жылы болды. Бұл көлік бу қозғалтқышының арқасында қозғалды. Эдуард Делямар-Дебутвиль болса іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралын жасаған тұңғыш ғалым. 1884 жылы ол газ қозғалтқышын құрастырады, бұл қозғалтқышты ол үш дөңгелегі бар автомобильге орнатады. Бір өткеннен кейін осы айтылғандардың ойлағанын Карл Бенц жүзеге асырады. Ол басқаруға болатын, іштен жанатын төрт тактілі қозғалтқышы бар көлік құралын бірінші болып жасайды. Оның қаңқасы қарапайым арба болды. Бұл автомобиль құрылысын бастап берген әлемдегі жалғыз автомобиль болып тіркелді.

1886 жылы Бенц өзі жасаған өнертабыстарына патент алғаннан кейін көптеген көрмелерге белсенді түрді қатыса бастайды. Бірақ журналистердің мақтау мақалалары автомобильдердің саудасын қыздыра түспейді. Мұнда да оның әйелі іске араласады. Берта таңдардың бірінде ұйқыда жатқан Бенцті оятып алмай, гараждан үш дөңгелекті машинаны шығарып алып, балаларымен бірге Мангеймнен Пфорцхеймге аттанады. Олар жүз шақырымдай жерді жүріп өтеді. Бұл ісімен ол күйеуінің керемет өнертапқыш екенін дәлелдеп бермекші болады. Оның үстіне, осылайша автомобиль өндіру ісінде бірінші жарнама компаниясы болып өтеді.

Бенцтің әйелі бұл қашықтықты 14 сағатта жүріп өткен. Пфорцхаймға жеткенде ол күйеуіне осы оқиғаны толық баяндап, телеграмма жолдайды. Ал Бенц болса автомобильдің жоқтығын көріп, оны біреу ұрлап кеткен деген тұжырымға келіпті. Осы оқиғаны газет-журналдар жазып шыққаннан кейін Карлдың өнертабыстарына тапсырыстар келіп түсе бастады. 1889 жылдың өзінде елу автомобиль сатылып кеткен!

Шабыттана түскен Бенц 1893 жылы төрт дөңгелекті жаңа автомобильді құрастырып шығарады. Осы көліктің 600 данасы 1901 жылға дейін сатылып кеткен. Осылайша, автомобильдерді өндіріп, сата бастаған бірінші компания - Benz & Co. Компанияны Карл Бенц басқарды.
4,5(17 оценок)
Ответ:
theanuta11
theanuta11
22.12.2022

Неміс Карл Бенц әлемдегі бірінші автомобильді шығарды деп ресми түрде танылды. Ол 1884 жылы дүниеге келген, дәл осы жылы Фюрт пен Нюрнберг темір жол желісінің қосылған жылы болды. Ал 15 жылдан кейін әлем іштен жану қозғалтқышы жайлы естиді. Оны Бельгияда Этьен Ленуар құрылымдап шығады.Бэнцтың балалық және бозбала шағы Карлсруэ қаласында өтті. Оның әкесі локомотив жүргізушісі болып жұмыс істеді, кейін баласы екі жаста болғанда қаза табады. Карлдың оқу үлгерімі жақсы болды. Политехникалық университетті аяқтағаннан кейін ол бу машиналарын шығаратын ұйымда сызбашы болып жұмысқа тұрады. Кейін ол Мангеймде орналасқан болат құю зауытына жұмысқа ауысады. Онда бас механик болып, кейін Пфорцхаймға конструкторлық бюроға бас инженер болып ауысады.1871 жылы Мангеймде шағын құю өндірісі ашылады, оның негізін Карл Бенц пен Август Риттер қалайды. Алайда серіктестің айла-шарғысынан кейін (Август Риттердің) біріккен бизнестері қиын кезеңдерді бастан өткереді. Оны банкроттықтан қалыңдығы Берта Рингер құтқарады. Ол жасау болып келген қаражатын оның қарызын өтеп, Карлды осы өндірістің жалғыз иесі етеді.Қарызды қайтарған Бенц кәсіпорынның жалғыз егесі болып қалады. Бірақ ол кезекті дағдарыстан бас көтере алмай, қайтадан құлдырайды. Банкротқа ұшыраса да Бенцтің жігері жасымайды, оның айналысып жатқан жалғыз ісі іштен тұтанатын қозғалтқыш болады. Ал 1878 жылы Карл Бенц өзі жасаған бірінші екі тактілі қозғалтқышты патенттейді. Бір жыл өткеннен кейін ол Мангеймнен шыққан тағы екі бизнесменмен бірге өндірісті бастап кетеді. Алайда ол серіктестерімен тағы да дұрыс байланыс орната алмай, 1883 жылы өз фирмасын құрады. Осыдан кейін өндірісі қалпына келтірілгеннен кейін жалғыз ғана арманы – көлік құралын жасауға кіріседі.Бұл кезде көптеген өнертапқыш автомобиль жасау идеясымен әлек еді. Ұлты француз Николя-Жозеф Кюньо өздігінен жүре алатын көлік құралын жасаған тұңғыш өнертапқыш. Бұл оқиға 1769 жылы болды. Бұл көлік бу қозғалтқышының арқасында қозғалды. Эдуард Делямар-Дебутвиль болса іштен жану қозғалтқышы бар көлік құралын жасаған тұңғыш ғалым. 1884 жылы ол газ қозғалтқышын құрастырады, бұл қозғалтқышты ол үш дөңгелегі бар автомобильге орнатады. Бір өткеннен кейін осы айтылғандардың ойлағанын Карл Бенц жүзеге асырады. Ол басқаруға болатын, іштен жанатын төрт тактілі қозғалтқышы бар көлік құралын бірінші болып жасайды. Оның қаңқасы қарапайым арба болды. Бұл автомобиль құрылысын бастап берген әлемдегі жалғыз автомобиль болып тіркелді.

1886 жылы Бенц өзі жасаған өнертабыстарына патент алғаннан кейін көптеген көрмелерге белсенді түрді қатыса бастайды. Бірақ журналистердің мақтау мақалалары автомобильдердің саудасын қыздыра түспейді. Мұнда да оның әйелі іске араласады. Берта таңдардың бірінде ұйқыда жатқан Бенцті оятып алмай, гараждан үш дөңгелекті машинаны шығарып алып, балаларымен бірге Мангеймнен Пфорцхеймге аттанады. Олар жүз шақырымдай жерді жүріп өтеді. Бұл ісімен ол күйеуінің керемет өнертапқыш екенін дәлелдеп бермекші болады. Оның үстіне, осылайша автомобиль өндіру ісінде бірінші жарнама компаниясы болып өтеді.Бенцтің әйелі бұл қашықтықты 14 сағатта жүріп өткен. Пфорцхаймға жеткенде ол күйеуіне осы оқиғаны толық баяндап, телеграмма жолдайды. Ал Бенц болса автомобильдің жоқтығын көріп, оны біреу ұрлап кеткен деген тұжырымға келіпті. Осы оқиғаны газет-журналдар жазып шыққаннан кейін Карлдың өнертабыстарына тапсырыстар келіп түсе бастады. 1889 жылдың өзінде елу автомобиль сатылып кеткен!Шабыттана түскен Бенц 1893 жылы төрт дөңгелекті жаңа автомобильді құрастырып шығарады. Осы көліктің 600 данасы 1901 жылға дейін сатылып кеткен. Осылайша, автомобильдерді өндіріп, сата бастаған бірінші компания - Benz & Co. Компанияны Карл Бенц басқарды.

4,6(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Әл-Фараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны.Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі- қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әл-Фарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды.Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға,кейін Бағдатқа кетті.Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.
Өзі діншіл адам еді.Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін.Ол парсы,араб,латын және грек тілдерін үйренді.Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті.Сондықтан да өзін «Хадже-и-сани»,яғни «Екінші ұстаз» деп аталады.941 жылы Алеппоға келді.Ол жылдары Алеппо Сейфуддевле Әлидің қол астында еді.Бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы Фарабиге үлкен сый-құрмет көрсетіп,оны сарайына алды.Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай,күндіз көкөніс өсіріп,түнде шам жарығымен философиялық ойлар жазумен айналысқандығын көрсетеді.Фараби-алғашқы ислам философы және ислам философиясын қалаушы.Кейбір зерттеушілердің пікірінше,Фарабидің «Ат-талисмус-сани» атты ең-бегірек философиясына еліктеушілік.Олай болса бұл өте жемісті елік-теушілік,өйткені ол өзінен кейінгі бүкіл дүние ой-пікіріне құрмет көрсеткен Ибн Сина осы кітаптың арқасында грек философия-
сын үйренген.Ибн-Сина былай деген еді: «Бір кітап дүкенінен сатып алған Фарабидің кітабын оқы-ғанда,бұрын еш түсіне алмаған грек метафизикасын толығымен осы кітаптан үйрендім».Фараби музыкамен де айналысқан, тіпті «канун» деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған.Оның «музыка- кітабы»-музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу.Фараби Алепподан Шамға(Дамаск),Шамнан Каирге сапар шеккенде жұрт арасына өзінің пікірлерін таратқан,білімге қызмет еткен.Ол Алеппода 950 жылы январь айында қайтыс болып,Шам қаласының жанындағы Баб-ул-Сағыр деген жерде жерленді. Фарабидің ойы,қөз қарастары,өте жемісті еңбектері, түсіндіргісі келген ойын өте жеңіл түсіндіре алатын қасиеті Шығысты да,Батысты да таң қалдырды.
4,4(50 оценок)
Ответ:
parchiev14
parchiev14
22.12.2022
1Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.       2Денсаулық — зор байлық.
   
3Жарлының байлығы —
Дәнінің саулығы.     4Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.  5Өлгенге өкпе жүрмейді.     О дружбе 1Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

2Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды. 
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

3Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа. 

4Айтулы достың малы бір, 
кемедегінің жаны бір.  5Ауыр сөз айтқан дос емес. 

6Босқа бергенше досқа бер. 

7Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады. 

8Дәмді болса - достық қымбат, 
Мәнді болса - жастық қымбат.

9Дос — ажарың, жолдас — базарың.  10Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды. 

11Дос бергеннің түсіне қарама. 

12Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса (Әбубәкір). 

13Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол. 

14"Дос" деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар. 

15Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады. 

16Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес. 

17Дос егіз, дұшпан сегіз. ОБ Уме    1Адамның жүзі ақылдың айнасы.

2Айғайлы жерде ақыл аз. 

3Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу. 

4Айлалы түлкі алдырмас. 

5Айласыз батыр алдырар. 

6Айтысып сөзге келгенше ақылмен жөнге кел. 

7"Ақ Еділдің өзі болмасақ та бұлағымыз, Ақылды бастың өзі болмасаң та қүлағымыз". 

8Ақыл ағадан, ілтипат ініден. 

9Ақыл адам көрігі, 
ақылдың сабыр серігі.

10Ақыл азбайды, 
Әділдік тозбайды,

11Арамдық озбайды. 

12Ақыл айнымас, алтын шірімес. 

13Ақыл айтсаң батыл айт. 

14Ақыл — алтын сандық, 
адамына қарай ашылар.

15Ақыл — арман, ой — өріс. 

16Ақыл ауыздан, мерей көзден.    О ДОБРОТЕ1Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі. 2Қайыр бар жерде ырыс бар. 3Қайыр қылсан, бүтін қыл. 4Жақсылық суға батпас, жарыққа бір шығар, жатпас. 5Жақсылық жерде қалмайды. 6Жақсылық — жүректен, жамандық — білектен. 7 Жақсылықтың ерте-кеші жок 
4,5(71 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ