Қазақ жазуы бірнеше рет өзгеріске ұшырады. жазу тарихында қазақ тілінің әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. 1929 жылға дейін Қазақстанда араб жазуы пайдаланылды. ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы ұсынысымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирилл графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Мысалы, айта кетсек, Қазақ тілі үшін әр кезеңдерде және әр аймақтарда келесі жүйелер Қазақстан Республикасында – кирилл жазуы негізінде, ресми түрде Қазақстанның бүкіл жерінде және Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында пайдаланылған. Тағы да көршілес Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан және Өзбекстан елдерін бірыңғай мекендеген қазақ жұрты пайдаланады, сонымен бірге басқа ыдыраған КСРО республикаларында да пайдаланылады. Сонымен қатар Түркия, Германия, АҚШ т.б. батыс елдерінде қазақ диаспорасы әртүрлі қалыпты емес латын жазуын пайдаланады. Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқындалып келді.
Туған жер, осы сөзді естігенде құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиіп, бойыңды бір тәтті сезім билейді. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» демекші, қай жерде жүрмесін әр адамның туған жерге деген сағынышы бір бөлек.
Міне, 2 айлық қысқы демалысымыз аяқталып, ақпан айының 23-ші жұлдызында Қытай елінің Бейжің қаласына ұшып келдім. «Пәлен жерде пайда бар, өз еліңдей қайда бар» деген екен дана халқымыз. Қазіргі таңда экономикасы қарыштап, миллиардтаған халықты белгілі бір тәртіпке жұдырықтай жұмылдырып, оларды қамтамасыз ете алып отырған осы бір алпауыт елден керегімізді алып,iлiм-бiлiм жинап оны өз халқымыздың пайдасын арттыруға жұмсамақ ниетте жүрмін. Дегенмен шет мемелекттің аты шет мемлекет сондықтан да өз туған жеріңді сағынарың сөзсіз.
ответ:Рәміздер – елдігімнің белгісі
Мен елімнің Рәміздерімен мақтанамын.Біздің Рәміздерді жасау үшін ағаларымыз көп еңбектенді.Бүкіл елдер рәміздеріміз арқылы біледі.
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.- деген өлең жолдары ту туралы айтылған.Тудың сол жағында сары түсті ою,ортасында күн және қыран құс бейнеленген.Тудың авторы Ш.Ниязбеков.Туды Мемлекеттік мерекелерді,салтанатты жиналыстарды шығарады.Біз туға қарап тұрып әнұран шырқаймыз.
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым! – деген өлеңді елтаңбаға арнап жазған ағаларымыз.Бұл елтаңбаны сипаттап,оның қасиетін түсіндіріп тұр.Елтаңба авторы Ж.Мәлібеков.Шаңырақ,жұлдыз,Қазақстан жазуы,қанатты пырақ бейнеленген елтаңба мемлекеттік орындарда ілініп тұрады.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.- деген өлең жолдарынан әнұран туралы айтылғанын түсінемін.
Қолымызды жүрек тұсымызға қойып,әнұранды әр дүйсенбіде,мемлекеттік мерекелерде айтамыз.Әнұранда біздің ел туралы жазылған.Әнұран авторлары Ш.Қалдаяқов.Н.А.Назарбаев.Ж.Нәжимединов.
Рәміздердің шығу тарихыда бар.Баяғыда ру,тайпаларды өз таңбаларына қарап ажыратқан.Әр тайпаның өз таңбасы болған.Біз Тәуелсіз Қазақстанда өз Рәмізіміз бар.
Қазақстан Республикасының ұлттық Рәміздері еліміздің Тәуелсіздігінің белгісі.Мен өзімнің еліммен,Отаныммен,Қазақстаныммен мақтанамын.Біз осындай керемет елде тұрып жатқанымызға Ұлы бабаларға,ер жүрек апа-аталарымызға алғыс айтамыз.
Еліміздің туы биікте болсын,елтаңбамыз төрде тұрсын,әнұранымыз шырқала берсін деп тілеймін!