Саққұлақ.
(1) Біздің отбасымыз ауылдық жерде тұратындықтан ит асырағанды жөн көреді.Мен дүние есігін ашқаннан бері аулада менімен бірге өскен, отбасымыздың кезекті "күзетшісі" – Саққұлақ болды.Бір білерім ол мен ес білгелі жанымда.Өте ақылды да сақ ит болды.Көп үрмейтін де.Оның сыртқы бейнесіне келсек,ол түгелімен қара түсті болды.Қара болғанымен,өте сүйкімді еді.Оны отбасымызбен жақсы көрдік.
(2) Қыстың бір күні ол үйге ақсақ күйде оралды.Сіңілім екеуміз үйден атып шықтық.Сөйтсе,иттің аяғын жеңіл көлік басып кетіпті.Атам Саққұлақты шөптің үстіне жатқызып,үстіне артылып қалған көрпелерді жауып жатыр екен.Не дегенмен қыс қой,күн суық.Бәріміз Саққұлақ үшін уайымдаған едік.
(3) Көп ұзамай сүйікті итіміз аяғының әсерінен мерт болған еді.Одан кейін екі итті асырадық.Бірақ ешқайсысы Саққұлақтың орнын баса алмаған еді.
(1) – оқиғаның басталуы
(2) – оқиғаның дамуы
(3) – оқиғаның аяқталуы.
Жұмбақтар:
1.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,
Бұл не,өзің тауып ал? (Түйе)
2.Төсек астында шылғи қайыс. (Жылан)
3.Жапырақ астында қара пышақ. (Жылан)
4.Жол үстінде майлы қайыс. (Жылан)
5.Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас. (Тасбақа)
6.Жер астында жездекем аты кісінейді. (Суыр)
7.Астында күлік,
Қолында құрық. (Жылқышы)
8.Жер үстінде сабағы,
Жер астында тамағы. (Картоп)
Мақал - мәтелдер:
1.Түйе үстінен сирақ үйтеді.
2.Жаман түйе үстінде келе жатып, Жаяуға «бұқ!» дейді.
3.Күл астында қоламта.
4.Жақсылың ағаш басында,
Жамандық аяқ астында,
Жақсы аттан жығылса,
Жаман а
5.Бейнет аяқ астында, Жақсылық ағаш басында.
6.Ашу үстінде ант жүрмейді.
Жақсылық таудың басында,
7.Жамандық табан астында.
Жаңылтпаштар:
1.Төсек үстінде төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік.
2.Пеш үстінде бес мысық
Пеш ішінде бес мысық
Бес күзетші бес пысық.
сұрақ: Айзере біздің еліміз жер көлемі бойынша нешінші орында тұр?
Жауап: Айзере біздің жеріміз жер көлемі бойынша 9 орында тұр
Сұрақ: Айзере еліміздің жер байлығың білесің бе?
Жауап:Әрине білем олар пайдалы қазбалар оңтүстік өңірдегі мақта,және күріш.
Сұрақ: Айгерім біздің еліміз неге бай?
Жауап: Айзере елімізде кең байтақ жеріміз бар.
Сұрақ: Айзере еліміздің байлығы неде?
Жауап: Айгерім біздің еліміз түрлі метталдарға пайдалы қазбаларға кең байтақ жерге мұнай мен газға т. Б.
Жақсы сау бол Айгерім сау бол айзере