М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
гаагмгмг
гаагмгмг
24.01.2022 04:37 •  Қазақ тiлi

Ұшқан ұя повесінің қысқаша мазмұны.
Уикипедия керек жоқ.
мазмұны керек.
қысқаша мазмұны.​

👇
Ответ:
katrinsweet
katrinsweet
24.01.2022

Неге екенін білмедім, бірақ Бауыржан атаның кітаптарын аса сүйіспеншілікпен оқимын. Мүмкін Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте оқып, сол жерде атамызға деген махаббатты жүрегіме ұстаздар ұялаған болар… “Ұшқан ұя” жаныма жақын болды. Енді өзім керек деген жерлерін жазып алған едім, солармен бөлісіп, өз ойларымды да қоссам… Мүмкін сіздерге қажет болып қалар…

Б. Момышұлы өзінің әкесі жайлы былай жазады: ”Жалғыз атты болса да, кісіден кіріптар болғанды қорлық санап, аз күн жарық дүниеде азаттық аңсап, қатықсыз қара су ішсе де, бай – манапқа алақанын жаймаған”. Расында, байлық, мансап – өтпелі, ал жақсы мінез, ізеттілік – мәңгілік.

“Қолдан келсе, ең бастысы баланы қуанту керек. Ол қуанса, шын қуанады”.

“Ертексіз өскен бала – рухани мүгедек бала…”.

“Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын”.

“Қайран, балалық десеңші – ай! Алыста қалған арайлы, адал таңдарым менің! Онда мен кіп – кішкентай сәби едім. Адамдардың бәрі “айналайыннан” басқа сөзі жоқ, кілең мейірімді жандар болып көрінетін…” Сол “айналайынды” қазір күнде естіп жүрсек қой…

Біз бейбіт елде тұрып жатырмыз. Соғысты көрмей өстік. Бауыржан атаның мына сөзін оқығанда, өз басым “тәуба” дедім: “…Алайда қан майданда жүріп, мен бір түнді елестеткенім бар. Өзімді көп өркештің ортасында, тау ішінде, нұрлы айдың аясында баяғыдай кіп – кішкентай сәби сәтімде тұрғандай сезіндім…”, атамыздың тыныштықты аңсағанын осыдан – ақ аңғаруға болады.

  “Кейде менің өнеге алған, тәлім үйренген, дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп, ойға бататыным бар…”, менде де дәл солай, кейде ұстаздар жайлы ойланамын. Әрине, ұстазды жақсы - жаман деп бөлуге болмайды. Дегенмен жаныңа жақын, байсалды ұстазды ерекше жақсы көріп тұрасың. Мұғалімнің адал ниеті әрдайым сезіледі. Оқушы жүрегімен сезеді, еріксіз байланады. Бірақ, айғай – шуды ұнататын оқытушыларда аз емес. Меніңше, ең жақсы ұстаз – білімді ұстаз емес, адамгершілігі мол ұстаз деп білемін

4,8(31 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
хава993
хава993
24.01.2022

Мен өскенде әлемге танымал спортшы болғым келеді.Әрине ол үшін тек ауыз бен ғана айтып бұл арманымды орындай алмайтыным анық, Сол үшінде мен күнде азанда тұрып жаттығу жасап спортшыға тән форманы ұстанып жүрмін, салаутты өмір салтын ұстанамын және күнде уақытылы күшті артырғызатын жеміс-жидек жеп жүрмін.

Ия әрине спортшылар тек мықты болуы ғана шарт емес.Ол ақылдыда, тапқыр, төзімді, намысшыл, ұжыммен жұмыс жасай білуі қажет.Менде бұл қасиеттердің бәрі бар.

Мен алдыма арман, мақсат койдым.Сол үшінде болашақта бұл арманыма детемін деп ойлаймын.

Объяснение:

99999999999%дұрыс

Лайк басып, тіркеліп, 5 жұлдыз қоя кет

Сенің пікірін мен үшін өте маңызды♥☺️

4,8(61 оценок)
Ответ:
Irrishka2005
Irrishka2005
24.01.2022

Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасының желісі де осыған ұқсас. Поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Сезім де, махаббат та, батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. Поэмадағы батыр Баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Шоқтығы биік Баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі: - Қанайым, ойың удай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның әруақты құр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян, — деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқайсыз. Баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық құндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.

4,4(14 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ