Жұмбақтар:
1.Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,
Бұл не,өзің тауып ал? (Түйе)
2.Төсек астында шылғи қайыс. (Жылан)
3.Жапырақ астында қара пышақ. (Жылан)
4.Жол үстінде майлы қайыс. (Жылан)
5.Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас. (Тасбақа)
6.Жер астында жездекем аты кісінейді. (Суыр)
7.Астында күлік,
Қолында құрық. (Жылқышы)
8.Жер үстінде сабағы,
Жер астында тамағы. (Картоп)
Мақал - мәтелдер:
1.Түйе үстінен сирақ үйтеді.
2.Жаман түйе үстінде келе жатып, Жаяуға «бұқ!» дейді.
3.Күл астында қоламта.
4.Жақсылың ағаш басында,
Жамандық аяқ астында,
Жақсы аттан жығылса,
Жаман а
5.Бейнет аяқ астында, Жақсылық ағаш басында.
6.Ашу үстінде ант жүрмейді.
Жақсылық таудың басында,
7.Жамандық табан астында.
Жаңылтпаштар:
1.Төсек үстінде төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік.
2.Пеш үстінде бес мысық
Пеш ішінде бес мысық
Бес күзетші бес пысық.
Сабақтас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен сабақтаса байланысқан құрмаластың түрі. Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысады. Мысалы: Қасым төре түрегеліп, күміс қынды сапысын шешіп, Кенесарының алдына қойды (І.Есенберлин). Сабақтас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің бірі басыңқы келіп, негізгі ойды білдіреді, қалғандары бағыныңқы болады да басыңқыдағы ойды айқындап, іс-әрекеттің орындалу шартын, себебін, мақсатын, мезгілін, амалын, т.б. қатынастарды білдіреді. Салалас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлембаяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) жәнежалғаулық шылаулар арқылы байланысады.