Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.
Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
Объяснение:
Вот
Қазіргі заман , адамдардың айтуы бойынша ең дамыған уақыт. Жәнеде көп ғалымдар өздерінің ойлап тапқан техникалары мен мәз - мейрам болып жүр , бірақ оның зияны бар екен ау дейтін адам жоқ. Біз қазіргі күні қарап тұрсақ көп ауырымыз , имунитетіміз әлсіз , неге олай деуіңіз мүмкін . Міне енді қараңыз . Біздің ата- бабаларымыз бізге қарағанда дұрыс өмір сүрген. Себебі олар зиянды әрекеттен сақ болған , және ғұламалардың барлығы білім іздесе Кітапхана барып кітап оқыған. Және дәл осы кітап пен болған білім , оларды нағыз ғұлама етіп шығарған. Ал қазірше , адамдар ғаламторға телміріп білім іздейтін болыпты. Мен сіздерге айтайын , ғаламтор мен кітаптың жөні бір бөлек нәрсе. Мысалы сен кітаптан ізденесің , өзіңе керек нәрсені көп уақыт бойы іздеп табасың , ал ғаламторда , бір екі рет интернет көмегіне айтсаң бәрін тауып береді. Ал енді мына қызыққа қараңыз , кітаптан ізденіп тапқан адам , ол нәрсені өмір бойы жадында сақтайды екен , ал ғаламтордан оңай тапқан адам , оны керек кезінде ғана есінде сақтап , кейін біржолата ұмытады екен. Содан да болар біздің көп ғұлама ғалымдарымыз ежелгі заман адамдары. Себебі олар кітапқа үңілгенді жақсы көрген. Бізде неге солар сияқты кітап бетін ашып оқымасқа , сонда біліміміз кеңейіп , оны жадымызда сақтап , керегімізге де жаратар едік.
Енді бір ойланып көру керек. Маған кітап пайдалы ма екен , әлде ғаламтор ма ?! Жауап нақты , әрине кітап. Ғаламтор тек сенің уақытша қажетіңді өтейтін құрал ғана , ал кітап сенің өмірлік досың. Сол себепті біз ғаламтор мен дос болмай , кітаппен дос болсақ , біздің қазақ елі нұрланып , зиялы қауым болады деген үміттемін.