Әр адамның өзінің бос уақытта айнаысатын ісі бар деп ойлаймын.Біреулер тігуді, басқалары балық аулауды ұнатады ал маған сурет салу ұнайды.Өте жақсы іс.Адамның ой-өрісін дамытады.Мен сурет салғанда көңілім көтеріліп қалады.Ал мұңайған кезде музыканы қосып сурет саламын.Кейде сурет салғанда шабыт келетін сәттер де болады. Мен осы сәттерді ұнатамын.Осы уақытта бір нәрсе ойлап шығарғым келеді. Менің көп шығармашылық жұмыстарым көрмеге ілінді.Сурет салу мен үшін қымбат. Мен сурет салуды ең қажет іс деп ойлаймын.
Қысқы Универсиада 2017 — 28-ші қысқы Универсиада, Қазақстандағы Алматы қаласында 2017 жылы 29-шы қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында өтті.
Универсиада жарыстары спорттың 12 түрі бойынша өтті. Олардың арасында тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноуборд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында) және керлинг ойындары бар.
Алау Эстафетасы – Универсиаданың ең жарқын оқиғасына айналды. Эстафета жоба географиясын бір қала масштабынан бүкіл ел масштабына дейін кеңейтті. Алау Қазақстанның 16 қаласына барып, жермен 200 астам километр және әуемен 2300 км жүріп өтті.
Фотосинтез - жасыл жапырақ органоидтері, яғни хлоропласт арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 миллиард тоннадан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұл кезде олар 200 миллиардтай СО2 сіңіріп, оттегі бөледі.
Хлорофилл— Күн сәулесінің қуатымен фотосинтез процесін іске асыратын өсімдіктердің жасыл пигменті. Хлорофиллдің бірнеше типі (Х. a, b, c, d) бар. Хлорофиллдің бұл типтері бактериялар, балдырлар, жоғары сатыдағы өсімдіктердің құрамында кездеседі.
Пигменттер биологияда — ағза ұлпасы құрамында болатын боялған заттар. Пигменттердің түсі күн спектрінің әр түрлі сәулесін сіңіретін хромофор тобына байланысты анықталады. Пигменттердің ағза тіршілігінде, әсіресе фотобиология процесінде маңызы зор.