М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DrSteklis
DrSteklis
13.03.2021 08:07 •  Қазақ тiлi

    Есімдік тақырыбы бойынша тест тапсырмасы,
1. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Бұлар
В) Қайдан? С) Ешкім
Д) Олар Е) Кейбіреу
2. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Күллі, барша, тегіс
В) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз
С) Қашаннан? Қайсысы? Неңіз?
Д) Әркім, қайсібір, ешқашан
Е) Мынау, осыңыз, сонымен
3. Көбінесе тәуелденіп және септеліп қолданылатын есімдік түрін көрсетіңіз.
А) Сұрау есімдігі
В) Жалпылау есімдігі
С) Белгісіздік есімдігі
Д) Болымсыздық есімдігі
Е) Өздік есімдігі
4. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Кіміңіз? Несі?
В) Бұнысы, мынауымыз
С) Соның, анаған
Д) Өздерің, өзіңіз
Е) Барлығынан, бәріңіз
5. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.
А) Бірнеше
В) Саған С) Дәнеңе
Д) Әлдекім Е) түгел
6. Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады.
А) Зат есімнің орнына қолданылса.
В) Сын есім мен сан есімнің орнына қолданылса.
С) Мезгіл, мекен мағынасын білдірсе
Д) Сөйлем соңында келсе.
Е) Үстеу сөздердің орнына қолданылса
7. Сын есімнің орнына жұмсалатын белгісіздік есімдігін табыңыз.
А) қайсыбір
В) әлдекім С) біреу
Д) әлдеқайда Е) кімде-кім
8. Тұлғасы өзгеріп септелген есімдікті көрсетіңіз.
А) Осынау
В) Оған С) Әрне
Д) Кейбіреулер Е) Ештеңе
9. Асты сызылған есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
Сендер нешеусіңдер?
А) Бастауыш
В) Баяндауыш
С) Толықтауыш
Д) Анықтауыш
Е) Пысықтауыш
10. Бастауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Әркімді заман сүйремек. В) Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
С) Жаңа жолдың басшысы – ол. Д) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Е) Сенен аяр түгі жоқ.
Бүгін сыйлас көрініп
11. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
«Сіз» деген - әдеп, «біз» – деген көмек.
А) Анықтауыш
В) Толықтауыш С) Бастауыш
Д) Пысықтауыш Е) Баяндауыш
12. Жалпылау есімдігі қатысқан сөзді табыңыз.
А) Ешкімге тіл қатушы болма.
В) Саған тай сатып әперем
С) Өзің үлкен, қылығың бала-шаға.
Д) Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны
Е) Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.
13. Ілік септік тұлғасындағы сұрау есімдігін табыңыз.
А) кіміңіз?
В) қайсысының? С) кімсіздер?
Д) неңіз? Е) нешеуінің?
14. Бірге жазылатын есімдікті
А) әр адам
В) әр уақытта С) әр түрлі
Д) әр қалай Е) әр кезде
15. Емілеге сай жазылған есімдіктің қатарын көрсетіңіз. табыңыз.
А) Еш уақытта, еш қашан
В) Әлде кім, әр адам С) Әркім, ешқашанда
Д) Кей ағаң, кей біреу Е) Бүтін, еш теңе
16. Дара есімдікті табыңыз.
А) Олар ертең сабаққа бармайды
В) Марат өз-өзіне сөз берді. С) Ертең ешкім ешқайда бармайды.
Д) Әрдайым сабақ оқыды. Е) Әлде неше рет қайталанды
17. Бөлек жазылатын есімдікті табыңыз.
А) әрқилы
В) әрқашан С) кейбіреу
Д) қайсыбір Е) ешқайда
18. Пысықтауыш қызметінде жұмсалмайтын қосымшасыз есімдік түрін көрсетіңіз.
А) жіктеу есімдігі
В) болымсыздық есімдігі. С) сілтеу есімдігі
Д) белгісіздік есімдігі Е) жалпылау есімдігі
19. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр.
Батырлар есімі ешқашан ұмтылмайды.
А) толықтауыш
В) баяндауыш С) пысықтауыш
Д) бастауыш Е) анықтауыш
20. Анықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Жылы мен суықтың бәрін көрді.
В) Кім қайратты?!
С) Темір, сенбісің?
Д) Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Е) Маған ешқашан сенбе
21. Қай қатар есімдіктің мағыналық түріне жатпайды?
А) әркім, кейбіреу, әлденеше
В) олар, мен, біз С) кім, қашан, неше
Д) біреу, ешбір, қайсыбір Е) бәрі, түгел, барша
22. Болымсыздық есімдігін табыңыз.
А) дәнеме
В) бірдеме С) кімде-кім
Д) әлдекім Е) біреу
23. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.
А) менге
В) сенмен С) сода
Д) бұдан Е) сенің
24. Толықтауыш қызметіндегі есімдік қайсы?
Ол бізбен үнемі ақылдасады, кеңеседі.
А) ол
В) бізбен С) үнемі
Д) ақылдасады Е) кеңеседі
25. Тұлаусыз мүшелер қызметін атқарып тұрған есімдіктің қай түрі?
А) Оған ешкімнің дауы жоқ.
В) Бітетін біздің жерге егін қандай! С) Бәріміз осында.
Д) Әкем әлдекіммен сөйлесті. Е) Барлық кек бірге қайнап тұр.
26. Анықтауыш қызметінде тұрған есімдіктің қай түрі?
Өз елім - өлең төсегім,
А) жалпылау В) сілтеу С) сұрау
Д) белгісіздік Е) өздік
27. Қате тәуелденген есімдікті табыңыз.
А) менің мынауым В) сенің бұның
С) сіздің осыңыз Д) оның мұнысы Е) біздің олымыз
28. Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз.
А) өздері
В) өздеріңіздің С) өзіңнен
Д) өздеріменен Е) өздерімізденсіңдер
29. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Олар жиналысқа түгел қатысты.
В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды. С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді.
Д) Бұладың ойы іске аспады. Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.
30. Есімдік басқаша қалай аталады?
А) есім сөз
В) орынбасар сөз табы С) көмекші есім
Д) жалпы есім Е) есімше

 ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Helluing
Helluing
13.03.2021
Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие
Лев Николаевич Толстой

Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы
Джон Тейлор

Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе
Френсис Бэкон

Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады
Жан Жак Руссо

Көп білем десең, аздан бастап үйрен
Джон Локк

Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік
Ақансері Қорамсаұлы

Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Югнаки

Білім — а ң ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн
Білім туралы:
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын

Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари

Еңбек туралы:
 Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. Абай
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.Абай
4,7(24 оценок)
Ответ:
Semfore
Semfore
13.03.2021
Менің отбасым

Менің отбасымда анам,әкем,екі апам,жездем бар.Біз олармен бір шаңырақ астында тұрамыз.Менің ата-анам менің біліміме риза.Олардың маған тілейтіні ары қарай жақсы оқуым.Менің ата-анам мейірімді.Әжем маған әрқашан мейірімді,сыпайы бол,-дейді.Мен үлкен адамға,жол беремін.Әжем болса,маған ақылын айтып үйретеді.Мен әжемнің арқасында барлық әдептілік пен әдемілікке үйрендім.Мен әжемді жақсы көремін.Мен кіші апам екеуіміз демалыс күндерде далаға шығып ойнаймыз.Менің отбасымды мақтан етемін.
4,4(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ