М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DellXT
DellXT
25.12.2020 17:02 •  Қазақ тiлi

Ең қымбат көліктер тақырыбына мәтін жазу керек 60 - 70 сөз. Обизательна сын есімнің шырайларың қолдану керек көмектесініздерші.​

👇
Ответ:

Ө. Сансызбай

Әлемдегі ең қымбат автокөлік шығаратын компаниялар туралы естіген боларсыз. Алайда бүгінде ең қымбатқа бағаланатын темір тұлпарлар жайлы көп білмеуіңіз мүмкін. Осы мақсатта дайындаған қызықты танымдық ақпаратымызды оқи отырыңыздар. Оқып қана қоймай, олардың теңгеге шаққандағы бағасын да біле жүріңіздер.

10. Bugatti Chiron

Құны : 851 180 000 теңге

Бұл көліктің алғаш рет жасалу нұсқасы 2013 жылы жарияланған болатын. Осы жылы Женева автосалонында ресми түрде таныстырды. Автокөлік атауы танымал автошабандоз Луи-Александр Широн құрметіне қойылған. Ол 1928-1958 жылдар аралығында «Формула-1» жарыстарындағы аты шыққан тұлға болды. Кейде автокөлік атауы әр тілде оқылғанда әр түрлі мағына да береді. Грек тілінде «Хирон» деп оқылса, БАҚ «Кайрон» деп те жазып жүр.

«Bugatti» компаниясы жаңа автокөлік нұсқасының санын жыл соңына дейін 500-ге жеткізуді жоспарлап отыр.

2018 жылы компания автокөліктің жылдамдығы көрсеткіші бойынша рекорд орнатуды жоспарлап отыр.

Бензин багының сыйымдылығы 100 литрді құрайды. Егер бар жылдамдығымен жүретін болса, жанармайы 9 минутқа ғана жетеді екен.

9. Pagani Zonda Revolucion

Құны: 889 870 000 теңге

«Gran Turismo» шығарған «Zonda» нұсқасындағы соңғы автокөлік соңғы уақытта аса бағалы саналып отыр. «Zonda» нұсқасындағы автокөліктер 1999 жылдан бері құрастырылып келеді. Соңғы нұсқасы «Zonda R (Revolucion)» деп аталады.

Автокөлік 100 шақырым сағатына жылдамдықты 2,7 секундта алады.

«Pagani Zonda Revolucion» күші 800 аттың күшіне пара-пар.

8. Lykan Hypersport

Құны: 1 354 150 000 теңге

«Lykan Hypersport» - арабтар шығарған алғашқы люксті гиперкар. «W Motors» компаниясының алғашқы автокөлігінің нұсқасы 2013 жылы Монакода таныстырылған болатын. Танымал «Форсаж 7» фильмінде осы автокөлік пайдаланылған. Моторының мықтылығы – 750 аттың күшіне тең. 100 метр қашықтыққа жылдамдықты 2,8 секундта алады.

7. Ferrari SP12 EC

Құны: 1 702 360 000 nt4ut

Бұл автокөлікті танымал британдық гитарашы, композитор әрі әнші Эрик Клаптон келісімшарт негізінде арнайы жасатқан. «Pininfarina» мамандары автокөлікті жасауға «Ferrari 458 Italia» автокөлігін негізге алған. Ал сыртқы көрінісін «Ferrari 512 BB» нұсқасына ұқсатқан.

6. Lamborghini Veneno Roadster

Құны: 1 741 050 000 теңге

Бұл автокөлік 2013 жылы Женева автосалонында таныстырылды. Бар болғаны 4 нұсқасы ғана шыққан. Оның біреуі мұражайға қойылса, үшеуі таныстырылымға дейін сатылып кетті. «Lamborghini Veneno Roadster» гиперкарын италиялық компания 50 жылдығына арнап шығарды. Моторының күші 750 аттың күшіне пара-пар.

мине ен кымбат коликтер тури типти баргасын диин бар ишинен унганынды ал да жазып ал ок

4,8(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Біз Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясының Президентi ХХI ғасыр қарсаңындағы кең ауқымды халықаралық тұрғыда екi ел арасындағы қарым-қатынастардың жай-күйi мен даму перспективаларын жан-жақты талқылай келiп,

      Қазақстан мен Ресей халықтарының тығыз достық байланыстарының тарихи қалыптасқан дәстүрлерi мен игi құндылықтарына сүйене отырып,

      Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршiлiк қатынастарды, көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайту екi мемлекет халықтарының түбiрлi мүдделерiне жауап беретiнiне, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiк iсiне қызмет ететiнiне кәміл сене отырып,

      Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки Қорытынды актiсiнiң және Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның басқа да құжаттарының халықаралық құқықтың жалпы таныған нормаларының, сондай-ақ адам құқығы саласындағы халықаралық өлшемдердiң мақсаттары мен принциптерiне адалдықтарын қуаттай отырып,

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде кең ауқымды ынтымақтастыққа ниеттеніп және Қазақстан мен Ресей Федерациясының Достастыққа қатысуынан туындайтын мiндеттемелерiн сақтауға бекем бел буып, осы Декларацияны қабылдаймыз және салтанатты түрде мәлiмдеймiз:

4,6(37 оценок)
Ответ:
gtnzcdtnf
gtnzcdtnf
25.12.2020

ответ:Азияның ең үлкен кітапханасы деп саналатын Қытай Ұлттық кітапханасында  35 миллионнан астам кітап, қолжазба және тарихи коллекция бар.

Кітапхананы Чинг әулеті (1644-1912) 1909-1912 жылдар арасында Пекин қала орталығына құрды.  Қазір кітапханаға жыл сайын 5 миллионнан астам оқырман келеді.

Әлемнің санаулы кітапханаларының бірі Қытай Ұлттық  кітапханасы 140 мың шаршы метрлік алаңға салынған. Классикалық туындылар жиналған ғимарат пен оқу залдары бір-бірінен бөлек.

Келушілерге ашық бөлімі футуристік сәулет стилімен назар аударады.  Ғимараттың ішкі дизайны да қабат-қабат оқу залдары түрінде жобаланған.

Кітапханада 2004 жылы цифрлық бастама басталып,  кітапхананың мұрағаты интернет ортасына көшірілді.

Қытай Ұлттық кітапханасының мұрағаты жыл сайын артып отыр. 2016 жылдың деректеріне қарағанда кітапханада 115 тілде 35 миллионнан астам материал бар.

Кітапханадағы ең байырғы тарихи туынды - осыдан 3 мың жыл бұрын тасбақа қабығына жазылған жазу.

Объяснение:

4,6(31 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ