М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
sonya0013
sonya0013
27.05.2023 23:09 •  Қазақ тiлi

12. Күрделі зат есімді тап А) Аққу
B) Бала
C) Көше
D) Мұнар
E) Алаша

13. Құрмалас сөйлемді тап
А) Мен ғана көшедегі адамдардан бөлініп, жалғыз қалдым
B) Арылмас қайғыға ұшырадым
C) Киім-кешегім аз
D) Жапан далада өмір сүрдім
E) Кемеден керекті заттарды алдым

14. Етістікті тіркесті тап
А) Жаңа келді
B) Жақсының ашуы
C) Істің басы
D) Ауыл маңы
E) Биік тау

15. Күшейтпелі шырайы бар сөйлемді тап
А) Желмен сап-сары жапырақтар ұша бастады
B) Алыстан үлкендеу үйлер көрінді
C) Биік таулар мұнарланып тұр
D) Жақсыдан шарапат көресің
E) Үйдегі үлкен-кіші жандар көңілді еді

16. Көмекші есімді тап
А) арты, сырты
B) төрт, қарт
C) ине, шие
D) құс, аң
E) оқ, соқ

17.Стиль түріне жатпайтын қатарды көрсет.
А) Жазба шығармалар
B) Ауызекі сөйлеу стилі
C) Ғылыми
D) Көркем әдебиет
E)Публицистикалық

18. Салыстырмалы шырайды көрсет
А) Үлкенірек
B) Жып-жылы
C) Қып-қысқа
D) Аппақ
E) Өте әдемі

19. Қазақ тілінде қай буынға екпін түседі?
А) Соңғы буын
В) Бірінші буын
С) Ортаңғы буын
D) Ортаңғы ашық буын
E) Ешбір буын

20.Сөйлемдерге тиісті қосымшаларды жалға.
Табиғат бұрын-соңды болмаған өзгеріс... ұшырауда.
Көптеген аймақтардар техногенді шөлейттеніп,топырақ тозуда,су қор...тартылып жатыр.
А) -тер,-ге,-ы
В) –лар,-ға,-ы
С) - тар,-ды
D) -дар,-ы,-ге
Е) -дер,-ға,-ы

21. Табыс септігінің жалғауын белгіле
A) Жас дос,табиғатты ластама!
В) Абай жас ұрпаққа көңіл бөлді.
С) Бабаларымыз туған жерге, табиғатқа құрметпен қараған.
D) Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады.
E) Өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.

22. М.Жұмабаев нешінші жылдары өмір сүрген?
A) 1893-1938
B) 1891-1932
C) 1895-1899
D) 1893-1937
E) 1892-1938

Мәтін
Абай он төрт жасынан өлең шығарған. Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінде оқыған. Медреседе ол араб, парсы тілдерін үйренеді. Медреседе оқып жүрген жылдарының соңында Семейдегі орыс мектебіне түсіп оқиды. Семейдегі Гоголь атындағы кітапханадан орыс тілінде шыққан кітаптарды көп оқиды. Осы кітапханада Е.П.Мехаэлиспен танысады. Абай ақындықты халықтың даналығынан, тапқырлығынан, шеберлігінен үйренді. Абай орыс мәдениеті арқылы Еуропа мәдениетімен танысты. Абайды қарапайым халықтың өмірі қатты толғандырды.
Абай жас ұрпаққа көңіл бөлді. Жағымсыз қылықтан аулақ болуға шақырды. Жастарға уақытты тиімді пайдалану керектігін айтты.
«Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» - деп, өмірден өз орнын табуды өсиет етіп қалдырды.

23.Абай қай медреседе оқыды?
А) «Ахмет Риза»
B) «Ғизатия»
C) «Ғалия»
D) «Расулия»
E) «Мамания»

24. Абай Семейде Гоголь атындағы кітапханада кіммен кездесті?
А) Е.П.Мехаэлис
B) А.А.Леонтьев
C) С.С.Гросс
D) Н.И.Долгополов
E) П.Д.Лобановский

25. Қатыстық сын есімі бар сөйлемді тап
А) Жағымсыз қылықтан аулақ болуға шақырады
B) Абай жас ұрпаққа көп көңіл бөлді
C) Семейде кітапханада Е.П.Мехаэлиспен танысты
D) Жастарға уақытты тиімді пайдалану керектігін айтты
E) Өмірден өз орнын табуды өсиет етті

26. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» - деп нені өсиет етті?
А) Өмірден өз орнын табуды
B) Білім-ғылымға шақырды
C) Жасы үлкенді құрметтеуді
D) Уақытты тиімді пайдалануды
E) Достыққа адал болуды

27. Абай өлеңді қанша жасынан жаза бастады?
A) Он төрт жасынан
B) Он үш жасынан
C) Он бес жасынан
D) Он жеті жасынан
E) Он тоғыз жасынан

28. Абай медреседе қандай тілдерді үйренді?
A) Парсы, араб
B) Орыс, француз
C) Парсы, орыс
D) Араб, орыс
E) Шағатай, парсы

29.Абайды толғандырған мәселе
A) Қарапайым халықтың өмірі
B) Жастардың болашағы
C) Балалардың білімі
D) Өз отбасы
E) Елді басқару

30. Абай ақындықты халықтың даналығынан, тапқырлығынан, шеберлігінен үйренді. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді анықта
A) Даналығынан, тапқырлығынан, шеберлігінен
B) Ақындықты, халықтың, даналығынан
C) Халықтың, тапқырлығы, шеберлігі
D) Ақындықты, даналығынан, шеберлігінен
E) Абай ақындықты үйренді

ОЧЕНЬ НУЖНО

👇
Ответ:

12.E 13A 14.D 15.C 16.A 17.B 18.D 19.A 20.E СОРИ ТОЛЬКО ЭТО УДАЧИ

4,4(73 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
LuKи
LuKи
27.05.2023

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Ғабді әл-Ғабит. Бұл арабша "Құдайдың құлы" деген мағынаны білдіреді. Қаламгердің әкесі Махмұт діни сауатты, өз ортасында беделді, парасатты адам болған.

1908-19қоқыс, арабша хат таниды. 1916 жылы Ғабитті нағашысы Оңғарбай шаруаға көмектесуге алып кетеді. Артынша Ақпан көтерілісі басталып, әскерде жүрген Оңғарбайдың балалары елге оралады. Осыдан соң, шаруадан қолы босаған Мүсірепов ауылдағы Ыбырай Алтынсарин жүйесімен ашылған орысша-қазақша бастауыш мектебінде оқиды. Онда ол белгілі ұстаз Бекет Өтетілеуовтен дәріс алады. Мұғалім болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізді. Сондай-ақ Ғабит орыс тілін жетік меңгеруге мүмкіндік алды.

1918-1921 жылдары Пресногорьков станциясындағы жоғары жеті жылдық училищеде орысша білімін шыңдайды. Ал 1923 жылы ол жазушы Сәбит Мұқановпен бірге Орынбордағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түседі. Бұл білім ордасында әлем әдебиеті саңлақтары мен XIX ғасырдағы орыс классиктерінің шығармаларымен танысады.

Алғашқы туындысы қабырға газетінде жарияланды

Жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш Мүсірепов жұмысшы факультетінде алғашқы шығармасын жазғанын жеткізді.

"Сәбит Мұқановтың айтуынша, ол рабфактің қабырға газетінде өзінің "Тулаған толқынында" деген очеркін жариялаған. Бұл оның алғашқы шығармасы еді. Көптеген әдебиеттанушы Ғабеңнің алғашқы шығармашылығы "Тулаған толқыннан" басталды деген пікірде", - дейді ол "Ұлт мақтанышы". Ғабит Мүсірепов" деректі фильмінде.

Оның айтуынша, әдебиет зерттеушілері "Тулаған толқынды" таза очерк деп қабылдамайды.

"Олар оны көркем шығарма деп те есептейді. Өйткені бұл шығарманың бойында әрі очерктік сипат, әрі деректілік, әрі көркемдік қасиеттер тоғысқан. Бірақ алғашқы туынды болғандықтан кемшіліктер де бар. Себебі, бұл шығарма сол кездегі кеңестік саясатқа үндес жазылған", - дейді ол.

Әдебиетпен айналысуына кім түрткі болды?

Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің жас айырмашылығы бар болғаны екі жас. Жазушы өзінің "Автобиографиялық әңгімесінде" әдебиетпен шұғылдануына кім түрткі болғанын былайша баяндайды:

"Менің кітапқа деген құмарлығымды, азды-көпті сынай алатынымды байқап, Сәбит маған – "жазуға кіріс" деп мазалап жүрді. "Сәкеннің көрдей қараңғы бөлмесінде Сәбитпен бірге тұрдым. Бейімбет пен Сәкеннің өлеңдерін газет-журналдардан оқи бастадым. Бейімбеттің "Шұғаның белгісі" бір түрлі әдемі жазылғанын көрдім. Ішімнен жазуды қаласам да, қолым бармай жүрген".

Мүсірепов 1926 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетін бітіреді. Ал 1926-1927 жылдары Омбы қаласындағы ауылшаруашылық академиясында оқиды. 1927-1928 жылдары Щучинск орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып еңбек етеді. 1927 жылдан коммунистік партияның мүшесі атанады.

1928 жылдан бастап Қазақстанның партия, совет баспа орындарындағы әртүрлі жауапты қызметтерде болды. 1928-1932 жылдары Қазақстан мемлекеттік баспаның бас редакторы міндетін атқарды.

1933 жылы Қазақ КСР оқу халық комиссариатының өнер секторының меңгерушісі, 1934-1935 жылдары алдымен "Қазақ әдебиеті" кейін "Социалистік Қазақстан" газетінің бас редакторы болды.

"Бейімбет жау болса, мен де жаумын"

Жазушы 1936 жылы ВКП (б) қазақ өлкелік комитетінің ба з бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1937 жылы Қазақстан компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Қазақстан орталық партия комитетінде түрлі жауапты қызметтер атқарды. Бірақ шындықтың бетіне тіке қарай алатын Ғабиттің іс-әрекеті кеңес иделогиясына кереғар бола бастайды.

Сталиндік репрессияның зияны Ғабит Мүсіреповке де тиді. Профессор Шериаздан Елеукенов бұл жағымсыз оқиға 1937 жылы болғанын айтады.

"Онда Ғабит Мүсірепов орталық партия комитетінде мәдениет бөлімін басқаратын. Ол жазушылар одағында жиналыс болып жатыр дегенді естіп, сонда барады. Онда отырған адамдар оған "Бейімбет деген жаудың досы келді" деп айтқан. Сонда Ғабекең "Бейімбет Майлиннің ұсталғанын білемін. Бірақ ол қате ұсталып жатыр. Бейімбет жау болса, мен де жаумын" деп, жиналыстан кетіп қалыпты", - дейді ғалым.

4,6(36 оценок)
Ответ:
dariagolubeva
dariagolubeva
27.05.2023

Объяснение:

Ай мен Күн туралы ертегі.  

Бұрыңғы заманда Ай мен Күн деген екі ағайынды болыпты. Екеуі де елін найзаларынығ ұшымен, білегінің күшімен қорғап жүрген батырлар болыпты. Екі ағайынды бір елді басқарып отырған ханның ұлдары болыпты.

Ай үйдің кенжесі болғандықтан ата-аналарының сүйікті баласы болады. Сол себептен де екі батырдың әкесі оларға өз хандығын бөліп беретін кезде, жердің көп бөлігін кіші ұлына береді екен. Алайда Айға бұл жердің көлемі жеткіліксіз болады. Әрдайым өз қалағанын алып үйренген Ай Күннің жерін өзіне тартып алуға шешім жасайды. Айдың жанындағы кеңесшілері оның шешімін қанша өзгерткілері келгенімен, Ай өз айтқанынан қайтпайды.

Солайша, ол өз ағасы Күнге қарсы шығып, оны шайқасқа шақырады. Екі тәулік бойы

шайқасқан Ай мен Күн қатты шаршайды.   Соңында Айға күтпеген Жерден Күн келіп бетін қылышпен ұрып жібереді. Сол уақыттан бастап Ай тек түн уақытында ғана шығып отыратын болды, әрі бетіндегі үлкен тыртықты тығу мақсатында жарты бетін ғана көрсететін болды. Ал Күн қалған тәулік уақытында шығады.  

4,7(61 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ