Атамның сөзі – отбасымның негізгі тәрбиесі.
Отбасы – қаны бір жандар ғана емес,"Отан" атты ғимараттың бір кірпіші.Сондықтан да,отбасыда өскелең ұрпаққа беріліп жатырған тәрбие аса маңызға ие.Ал сол тәрбиенің қайнар көзі – көпті көрген,ақ сақалды,тарам-тарам қолды аталарымыз.
Қазақ қашан да аталы да баталы сөзге құлақ асып,тоқтай білген.Өйткені,аталарымыздың айтқан әр сөзі ақылдың көзі не пара-пар ғой.Ата – отбасының тіреуіші.Ол жандар отбасы мүшелеріне тек жақсылықты тілеп,бар білгенін үнемі айтып отырады.Әкелеріміз ақыл сұрап аталарымызға келетіні сондықтан.
"Атадан — өсиет, анадан — қасиет" деген екен дана халқымыз.Аталар – отбасының қамы үшін,балаларының аман-саулығы үшін ештеңені аямайтын ардақты жандар.Олардың үлкен алақанымен басыңды,арқаңды сипағанына не жетеді десеңізші.Әр айтқан бата-тілегіне "Әумин!" деуден шаршамайсың ғой,шіркін.Әңгіме барысында аталарымыз өмірден көргендерін атйып отырады.Сол айтқандарын біз ойымызға тоқып,сабақ алып жүрсек нұр үстіне нұр болар еді.
тігінші тігеді
ай толық болады
ай түнде жарқырайды
Объяснение: