Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздейтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.
Объяснение:
Осы
Оңашаланған айқындауыш
Қосарлы айқындауыш
Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөздер тобы. Оңашаланған айқындауыш өзінен бұрын тұрған сөздің мағынасын нақтылайды, сондай - ақ өзі айқындайтын мүшесімен қызметтес, тұлғалас болады.
Мысалы: Омардың үлкен ұлының, Асанның, елге жасаған жақсылығы өте көп. Айқындайтын мүшесіне қосалқы атау болады. Кейбір қосарлы айқындауыштар өздерінің айқындайтын сөзінен қос сөздер сияқты дефис арқылы бөлінеді.
Мысалы: Әнші Күләш, Біржан сал, Ақан сері, инженер Ахмет, Әмина ханым, Серік мырза, панфиловшы - ұландар.
Оңашаланған айқындауыш сырт тұлғасы жағынан анықтауышқа ұқсас болып келеді. Анықтауыш анықтайтын сөзінің алдында тұрып, оның өзіне тән сын, сапасын білдірсе, айқындауыш анықтайтын сөзінен кейін тұрып, оның лексикалық мағынасын толықтырып, нақтылайды.
Объяснение:ТЫ ТУПОЙ ПОЛЬЗУЙСЯ