Кірінді "Төрт сөйлем"тәсілін пайдаланып айт. Пікір.Оқыған мәтін бойынша...
Дәлел.Өз пікіріңді бір...
Мысал.Пікіріңді өмірмен...
Қорытынды.Тақырып байынша қорытынды. s белгілі . Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған авто эволюцияны қамтиды . Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам адам ойының жемісі деуге болады . Автокөлік тарихын айтқанда , алғашқылардың тізімінде қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютон туруы заңды . Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талапта ры ХVІІ ғ . басталғаны белгілі . XIX ғ . соңы мен ХХ ғ . басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдерді бензинді автомо бильдер ығыстыра бастады . Америкалық көсіпкер Генри Фордтың « Форд - т , моделін жа сап шығаруы жөне 1913 жылы оны шығаратын арнайы кон вейердің өндіріс көлемінің артуы есебінен автомобиль бағасы ар зандап , көпшілікке қолжетімді көлік түріне айналды . Уақыт өткен сайын әлемдегі көліктердің саны ғана емес , түрі де көбейіп келеді . Қазір үлкен көшелерде өте шағын автокөліктер де жүретін болды . Мысалы , Ұлыбритания азаматы Перри Уоткинс жасаған Wind Up » ( Уинд ап ) көлігінің тұрқы адам таңғалар лық : биіктігі - 104,14 см , ені - 66,04 см , ұзындығы 132,08 см . . Осындай шағындығы арқасында бұл көлік 2009 жылы 9 мамыр да Гиннесс рекордтар кітабына енген ( суретте ) . Автокөліктердің сатылым бағалары да адам ойына сыймастай өзгеріп отырады . Әлемдегі ең қымбат автокөлік Ferrari 250 GT . . 1
Компьютердің пайдасы мен зияны.
Компьютер пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдалы жақтарын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Ғаламтордан қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен компьютердің пайдасы мен қатар, зиянды жақтары да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мысалға, кітап оқысақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны "тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.
Менің ойымша қаншама уақытты компьютерлік ойын ойнаумен өткізгеннен гөрі, сол уақытты спорттық ойындарға арнасақ, денсаулығымызға пайдасы зор болмақ.
Дегенмен де, менің ойымша компьютердің зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін. Бірақ мен өз денсаулығыма алаңдаймын, сондықтан компьютерді тек қажет уақытында пайдалану туралы дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.