Қазақстан - әлемдік кеңістікте
Бүгін Қазақстан дүние жүзі мойындаған әлемдік қауымдастықтар мен ұйымдардың тең мүшесі. Олармен қарым – қатынас халықаралық тәжірибеде қалыптасқан тәртіпке негізделген. Қазақстан әлемдегі 215 елдің 170-тен астамымен сауда-саттық қатынаста. Оның тәуелсіздігін 180 ел мойындады, 130 елмен мәмілегерлік қатынас орнатты. Қазір Алматы мен Астанада 70-тен астам елдің елшіліктері жұмыс істеуде. Ал Қазақстанның көптеген таяу және шалғай шетелдерде елшіліктері мен консулдары бар.
Қазақстанның сыртқы саясаты жүргізіліп жатқан экономикалық реформа негізінде басқа елдермен экономикалық, ғылыми техникалық, қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған. Халықаралық сахнадағы жағдай республика үшін өте қолайлы.
Объяснение:
Көл — тікелей теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес ойыстар. Ауқымды кеңістікті қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр (Каспий, Арал теңіздері).[1] Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал. Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2