Бүгін – Астана күні. Жас елорданың мерекесі әрбір астаналықтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде. Қарыштап дамыған жаңа Астананың бүгінгі келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ.
Жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Ол жаңаша қарқын алған құрылысымен ғана емес, соңғы технологиялар негізінде салынып жатқан гүлзарларымен, аллеяларымен сырттан келушілердің назарына ілініп, шетелдіктерді таң қалдыруда. Сайын Сарыарқаның төсінде тотыдайын таранған әз Астанамыз жылдар келе, алып Азия мен Еуропаның шоқтығы биік қалаларының біріне айналатынына, алдағы ғасыр үлесінен орын алып, батыл үмітпен нық сенімнің тұлғалы тірегі боларына сенімдіміз.
ответ: Ана - ол біздің ең кымбат асыл дүниеміз. "Ана тілі ана сүтімен беріледі, ана тілін ұмыту анаңды ұмытумен бірдей" деген шағын сөздің астарында қанша мағына жатыр. Ана тілі яғни анаң сені кішкентай бөпек кезіңнен тәрбие бергені, қалай сөйлеуді үйреткені бұның бәрі ана тілі.
Кейбір адамдар болады қазақ болып өзінің қазақ тілін білмейді. Ол ана тілін ұмытқанмен тең. Ана тілін ұмытуға жаман сөздер, дөрекі сөйлеу, адамдардың сөзін бөлу жатады.
Менің өмірде ең қатты жақсы көретін адамым бар ол әрине менің анам! Анамызға дөрекі сөйлеп, тыңдамай жүру ол анаңды сыйламағаның, күнә болып табылады. Сол себептен ана тілінде, анамызды да бағалап жүрейік!