Сабақтардан кейін мен тез жиналып, үйге барамын. Бүгін әкем үйге ертерек келеді, сондықтан біздің отбасымыз бІрге кешкі ас ішеді. Осындай отбасылық ас ішу күнде болып жатпайды. Мен мектептен қайтамын. Сол кезде анам ас дайындап тұрады, ал менің сіңлім оған көмектеседі. Әкем жұмыстан келеді, біз кешкі ас ішуге отырамыз.
Кешкі ас үстінде біз тек тамақ ішпейміз, сонымен қатар әңгімелесеміз. Мен және менің қарындасым мектепте және күндіз не болғанын айтамыз. Әкем жұмысы жайында және тағы басқа қызықты оқиғаларды айтады. Анамды тыңдау -сондай қызық десеңші! Оның айтқан әңгімелері өте күлкілі. Кешкі ас шай ішумен аяқталады. Мен осындай кештерді ұнатамын. Олар- өте қызық, күлкілі. Бірақ кеш аяқталады. Мен жақсы көңіл күйде сабақ оқуға кірісемін. Жатарға аз уақыт қалса да, әйтеуір, бір нәрсе жасап үлгеремін.
Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды
Объяснение: