Әдеби әлемнің танымал туындылары оқырманына дәуірдің тыныс-тіршілігі мен тарихи кезеңдері, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық құндылықтар, сондай-ақ автордың тебіреністері жайында сыр шертеді. Абайдың ұлы поэзиясы, Толстойдың тарихи прозасы, Ибсенның новаторлық драматургиясы біз үшін өткен күндердің картинасын құруға және де сол заманның әлеуметтік санасына кіріп кетуге мүмкіндік береді. Әрине, бұның барлығы да әдебиеттің құдіретті күші. Ол бізге шетел асып, шекараны бұзуға көмектеседі: түрік әлеміне жақын боламын десең, Памуктың романдары, ал үндістердің өмірімен танысамын десең, Рушдидың прозасы бар. Алайда, жазушы болу — үлкен жауапкершілік, әрі кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Содан болар, қазіргі жазушылардың көтерген әдеби жүктерінің ауырлығы соншалық, посткеңестік кеңістікте ұлттық проза кенжелеп, жазушы деген атақ құнсызданып бара жатқандай...
Тағдыр қаншама қаһарын төгіп, дүниенің ойраны шығып жатса да, біз, соғыс кезіндегі бейкүнә сәбилер, өмірдің өзін қаз-қалпында түсіндік. Біз үшін басқа түрлі өмір жоқ сияқты еді. Аштық, жалаңаштық, қақаған қыстың суығына тоңу, жаздың аптап ыстығына күю тас маңдайымызға қаттап-шоттап жазылып берілгендей еді. Таланымызға тап келген тылсым тіршілікті тілдеп, сөгу дегенді білмедік. Аштықтан шегіміз шұрылдап, ішкі ағзаларымыз бірін-бірі жалмап жеп жатса да, қыңқ етіп сыр бермедік. Арамызда үздігіп барып, үзіліп кеткендер де болды. Оларды ауыл іргесіндегі қорымға қойып қайту соғысқа жарамсыз болып елде қалған ересектердің міндеті еді. Әйтеуір, жер бетінде, ауыл шетінде төмпешіктердің көбейгенін көзіміз көрді. Бірақ, төмпешікке айналып кеткен сәбилердің нақты қанша екенін ешкім айта алмас еді.осы ма?