ГОС-па? менде 8 шығарма бар? шығармаларды ауыстырғын келеді ма?
Айтыс – халық мұрасы.
.
Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде бұл құндылықтарды қастерлеп, келер ұрпаққа осы күйінде жеткізуіміз керек.
.
Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.
Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.
.
Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүрді , ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.
ответ:Сәлем қымбатты жан досым! Қалың қалай? Америкадағы өмірін, оқуын жақсы ма? Менде бәрі жақсы! Шіркін, саған барғым келеді! Болашақта оқуымды жақсы оқып, саған келемін! Тек күтсең болғаны! Мен сені қатты сағындым! Сенде оқу демалыстары болған кезде, Қазақстанға кел, әдемілеп тұрып сені қарсы аламын! Анамның керемет, дәмді бауырсақтарың, балдай тәтті айранмен дәмін татып көрсен шіркін! Ғажапсың-ай! Саған Нұрсұлтанның керемет әсем жерлерін көрсетемін, бірге ойнап, әңгіме дүкен құрап сөйлейміз! Келетін кезінде маған ескертіп қой! Келесі жүздескенше! Сенің жауап хатыңды асыға қатты күтемін! Аман сау бол!
(Думаю не поздно :>)
Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен
тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз
болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек,
тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең
ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің
мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады.
Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен
тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ
қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті
сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтімен
кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын,
адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына
айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз
болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген
Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың
аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкілхалықтық
қозғалыс соның айғағы.