М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Matvey1745789
Matvey1745789
25.01.2020 15:05 •  Қазақ тiлi

Ұлпан кеиіпкерлер жүиесін құру​

👇
Ответ:
Beleklera75
Beleklera75
25.01.2020

Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері. Ұлпан ата-анасының тұңғышы мен жалғызы болғандықтан, өте еркін өсіп, еркекшора киінген. Оның сезім байлығы, адамгершілігі, адалдығы, моральдық, тазалығы, ақылдылығы, зеректігі, зерделілігі, парасаттылығы, өткірлігі, өжеттігі келісті де көрікті бейнеленген. Сондай-ақ көркіне мінезі сай биязы да инабатты, сұлу да сымбатты. Ұлпан сөзге шешен, ақылды да, батыл қыз болып өседі.Ұлпанның мінезі де ашық жарқын, ақ көңіл. Әрі өз ой-пікірін ашық, нақты жеткізетін болған.Ұлпан — кең пейілді, адамгершілігі мол Сибан елінің кедей-кепшігіне қол ұшын беретін әйел.

Есеней — романдағы тағы бір ең басты кейіпкерлердің бірі. Есеней Шыңғыс сұлтанның беделді биі. Оның даңқы, атағы бес болыс Керей-Уақ елін Кенесарының шапқыншылығынан аман алып қалған тұста дүркіреп шыққан, жасы алпысқа келген. Есеней - ол дәулетті, қатал билердің бірі болған. Ол — ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде таза ауада өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей -білеудей бұлшық ет, бірақ қарны шыққан емес. Есеней діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын.

«Түрікпен» Мүсіреп — Есенейдің ең сенімді серігі. Ол аздап сыбызғы тартады. «Бозінген», «Боз мұнай», «Сүйір батыр», «Алқа көл», «Алғашқым» деген күйлері бар. Одан соңғы құмары — бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жүреді. Әлі ақ кірместен сақал—мұртын жарасымды қырқып ұстайды. Мүсіреп Ұлпанды өзінің туған қарындасындай жақсы көріп, оған әрқашан қол ұшын береді және бір-бірімен қалжыңдасып жүре береді.

Аңшы Мүсіреп — Есенейдің достарының бірі. Өзі мерген,шебер,аң аулаудан жанын салмайтын адам.

Шынар — түрікпен Мүсірептің сүйген жары, өмірлік серігі. Шынардың әкесі етікші болған. Шынар — қыпша бел, сұңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек. Өзі ақ жарқын, кішіпейіл, адамгершілігі мол жандардың бірі. Аяғында кестелі етігі бар.Көк қиығының құйрығы азғана көтеріңкі. Сол жақ бетінде бармақ баттысы бар.

Артықбай мен Несібелі — Ұлпанның ата—анасы.

Біжікен (Бибіжиһан) — Есеней мен Ұлпаның қыздары.

Тілеміс — тілмаш және Торсанның әкесі.

Байдалы би, Тоқай би, Күзембай болыс ,кәрі би Өтеміс — ауылдың би-болыстары.

Хұсайынғази — молда.

Еламан — Есеней бидің інісі. Сөйлесіп, көңіл көтеруге де жарамайтын адам. Аңға шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап аңды күндік жерден үркітіп жібереді.Еламанның үш баласы да өзі сияқты сотқар, арампаз болған.

Айтолқын — Еламанның әйелі. Оның бойы шарғылау,бөктеріншектілеу келген.Айтолқын өзін бәрінен жоғары ұстайды, сондай-ақ көкіректеу. Барша адамды сынағанды ұнатады.

Торсан — Біжікеннің күйеуі.Қазақ денелі, кавказ көзді жас жігіт. Ол Сипап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, өзге замандастарынан өресі биік, білгір де ұтымды, ойын-сауықта жұмысы жоқ, іскер жігіт. Торсан алдамайтын, алданбайтын, адалдығына кір жұқтырмайтын адам болған.Торсан үй ішілік жайларда өте жұмсақ.

4,5(64 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
vladdubrovskiy1
vladdubrovskiy1
25.01.2020

Көптеген адамдардан айырмашылығы мен компьютерді өте жақсы көремін. Бұл адамзаттың ең керемет өнертабысы! Адамдар әмбебап машина құрды, онымен жүз нәрсені жасауға болады: оқу, кино көру, сурет салу, басып шығару, сурет салу, санау, пайдалы ақпарат табу, фотосуреттерді ретке келтіру, мультфильмдер мен бейнелер жасау. Сондай-ақ, планетаның басқа жағында өмір сүретін көптеген хоббиі бар адамдармен сөйлесуге болады. Тек қана көрші аулада тұратын адамдарға ғана емес, өздерінің әуесқойлықтарын таңуға да шектеудің қажеті жоқ. Бұл тізімді эссе соңына дейін жалғастыра аламын, сондықтан компьютердің қаншалықты пайдалы екендігі анық. Компьютерді көбінесе теледидармен салыстырады және олар адамнан уақытты ұрлағанын айтады. Бірақ менің басқа пікірім бар. Иә, бұл адамға зиян келтірмейді және адамның компьютердің алдында ұзақ уақыт бойы отыруы мүмкін, себебі адам қозғалмайды, көру қабілетіне нұқсан келтіреді және тірі адамдармен араласпайды.

4,4(4 оценок)
Ответ:
ffjuee
ffjuee
25.01.2020

Мен үшін олимпиадалық ойындар - бүкіл әлемдегі ең үздік спортшылардың жарысы, оларды теледидардан көремін. Олимпиада ойындары көптеген ғасырлар бұрын ежелгі Грецияда басталды. Олимп Олимпиадасы мен Олимпия қаласын құрметіне арналған Олимпиада ойындарын атады.

Алғашқы жарыстың жүлдесі болды. Олимпиада өткізілгенде тіпті соғыс тоқтатылды. Барлық гректер Олимпиада ойындарына келді. Бастапқыда тек ерлер ғана қатысып, стендтердегі ойындарды ерлерге ғана қарауға мүмкіндік алды. Олимпиаданы бақылап, жеңімпазды болжап көремін.

4,8(55 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ