Кенесары - Наурызбай», тарихи жыр. Бұл дастанды Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. Бұл жырды тарихшы ғалымдар да, жазушылар да өздерінің зерттеу жұмыстарында, шығармашылық қызметтерінде дерек көзі ретінде пайдаланған. Ұлт-азаттық көтерілісінің ішінде жүріп, оның жалынды жыршысына айналған Нысанбайдың аузынан тараған жыратапған себептерге орай, тарихи жәдігер ретінде де, көркемдік ескерткіш ретінде де ете құнды дүние. Жыр алғаш рет 1875 ж. С. Жантөрин мен Т. Сейдалиннің аудармасымен «Записки Оренбургкого русского географического общества» журналының 3-ші бөлімінде сөзі қазақша, әрпі орысша болып басылды, қазақ тілінде 1912 ж. Қазанда Университет баспаханасында Жүсіпбек Шайхисыламұлы жинап жырлаған жыр нұсқасы «Қисса-и Наурызбай төре Қасым уғлы Қасым Абылайханов» деген атпен жарық көрді. Ә. Диваев жинаған Ж. Басығарин нұсқасы X. Досмұхамедұлының алғы сөзімен 1923 ж. Ташкентте, Н. Төреқұловтың алғы сөзімен 1924 ж. Мәскеуде жарияланды. Бұл басылымдарда Нысанбай жырауға үлкен қиянат жасалды: көтеріліске тіл тигізіліп, мазмұн жағы мүлдем басқа арнаға түсті. Е. Ысмайылов пен Қ. Бекхожин Кенесарыға тіл тигізетін бұрмаланған жерлерді алып тастап, Нысанбайға тән үлгімен жырланатын нұсқаны 1940 ж. өздері құрастырған «Батырлар жыры» деген көлемді жинаққа енгізді. Жырдың түпнұсқаға жақыны 1875 ж. нұсқа мен толық та көркем үлгісі - 1938 ж. ҚР ҰҒА фольклор экспедициясының торғайлық Қашқынбай Қараевтан жазып алған нұсқа. Жыр Кенесары-Наурызбай көтерілісінің шырқау биікке жетіп, әлсіреген кезін, көтеріліс басшысы хан Кененің мұздай каруланған патша әскерінің екпініне тойтарыс беруге шамасы жетпей, атамекенінен еріксіз кетіп, торға түскен жаралы жолбарыс күйін кешкен күйзелісін бейнелейді. Нысанбай жыраудың халық атынан қос батырын жоқтаған мұң-шерге толы зарлы жоқтау жырында көтерілістің, өзекті арнасын үлкен ауқымда қамтып, Кенесары, Наурызбай ерліктерін бұрынғы батырлар жыры дәстүрінде бейнелейді, эпикалық оқиғаға лирикалық сипат беріп, заман шындығын тебірене жырлайды. Жыр керкемдік қуатымен ғана емес, тарихи деректі сипатымен де кұнды. Тарихшы-ғалым Е. Бекмаханов атап көрсеткендей, жыр көтеріліске байланысты т
Объяснение:
ООқылым ( )
Тапсырма
Берілген мәтінді оқып, тапсырмаларды орындап шығыңдар
А мәтіні
Б. Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды – Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?
– Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүргенде, қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кетті. Мектеп уақытында суретке түсіру мен үшін хобби болатын, ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін. – Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз? – Маған табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, ал студияда жарықтардың, көлеңкелердің қосындысын қолдану бір керемет әсер береді. Дегенмен де табиғаттың орны ерекше ғой!
– Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме? – Ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам есімде. Сол уақытта несиеге фотоаппартты сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы қаржы емес, бастысы - суретті сапалы түрде шығару. -Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев
1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. ( )
Тұжырым Дұрыс Бұрыс
1 Мәтін кейіпкері мектеп қабырғасында жүргенде өз кәсібін таңдаған. +
2 Б.Тұржан суретке табиғат аясында түсіргенді ұнатады. +
3 Суретке түсіруші үшін маңыздысы – еңбегінің жақсы бағалануы. +
2. Мәтін кейіпкері сияқты сенде де нақты хобби бар ма? Ол қандай іс екенін түсіндіріп, 3 сөйлем көлемінде жазыңыз. ( )
Менің хоббиім-есептер шығару, сабақ оқу, ағылшын тілін үйрену. Өйткені білімді болсаң сенің мүмкіндіктерің көп болады. Мен сол үшін білімді болғым келеді, әр елге саяхаттағым келеді.
Ә мәтіні
Ақпараттық хабарлама
1 маусым күні сағат 10.00-де Республика Сарайы алдындағы алаңда Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді. Бағдарлама аясында: «Мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. Онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі. 1 маусым күні сағат 12.00-де Алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «Жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады. Ұйымдастырушы: Алматы қаласы әкімінің ба з қызметі.
1. Тұжырымның дұрыс нұсқасын + белгісімен көрсетіңіз. ( )
Тұжырым Дұрыс Бұрыс
5 Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шарада көптеген ойындар ұйымдастырылады. +
6 Мерекелік бағдарламаға тек балабақшалар мен спорт мектептерінің түлектері қатысады.. +
7 Бұл күні жағдайы төмен жанұя балаларына цирк әртістері тегін концерт көрсетеді. +
3. Мәтіндегі шаралардың барлығы кім және не үшін ұйымдастырылады деп ойлайсыз? Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз. ( )
Мәтіндегі іс-шаралардың барлығы балалар үшін ұйымдастырылды. Менің ойымша балалардың көңілін көтеру үшін ұйымдастырылды. Өйткені балалар біздің ұрпағымыз.
А және Ә мәтініндегі біріккен сөздерді табыңыз. ( )
Фотоаппарат, халықаралық, жолбарыс, қасқыр, ба з.
Объяснение: поставте лайк и сделайте лучшим ответам