Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достыққатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы досбола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
Композициялық құрылымның бөліктері.
1.Оқиғаның басталуы.Ауылға қасқырдың бөлтірігін әкелу.
2.Оқиғаның дамуы.Құрмаштың бөлтірікті асырауы.
3.Оқиғаның шиеленісуі.Көксеректің ауылдан кетуі.
4.Оқиғаның шарықтау шегі.Көксеректің қасқырлармен шабуылы.
5.Оқиғаның аяқталуы.Құрмаштың өлімі.Көксеректі ұстап өлтіру.
Суреттер композициялық бөлімнің 1 және 2 бөліміне сәйкес келеді.Онда:Бөлтірікті Құрмаш асырап алады.Әжесі қарсы болмайды.Бөлтірікті иттер талап жүреді.Көкесі жылқышы Бейсембай: Көксерек үлкен қасқырға айналады,екі көзі жасылданып жанып тұр,өлтіріп,терісін алайық,-дейді.Құрмаш көнбей Көксеректі өлтіртпейді.