М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
gamzat370587
gamzat370587
03.05.2021 15:14 •  Қазақ тiлi

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз. Қазақ халқы үшін төрт түлік мал өте маңызды болған. Олар адамның
жан серігі, айрылмас досы болған.
Қой – төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, майы,
терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады. Киім-кешек, алаша, кілем
тоқылады. Қазақ халқы қой мен ешкіні “ уақ мал” деп атайды
Сиыр – ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен
айран, қаймақ, құрт, ірімшік жасалады. Сиырдың терісінен құдықтан су
тартатын ыдыс, сусын қоятын торсық жасаған. Тезегін отын ретінде
пайдаланған, егіншілікте тыңайтқыш ретінде пайдаланған.
Жылқы – ер қанаты. Ол - сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының сүті
қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады.
Қазақта ат ойындары көптеп саналады. Жылқының жал – құйрығынан
арқан-жіп еседі, етінен қазы-қарта, жал-жая жасайды
Төрт түліктің төресі – түйе. Оның еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні -
киім. Қазақ халқы түйені “дала кемесі” деген. Түйе - таптырмас көлік. Ол
шөлге төзімді келеді.

Қойдың жүнінен қандай бұйымдар жасауға болады?
Сиыр малының қандай пайдасы бар?
Қазақ халқы түйені қалай атайды?
Түйенің қандай ерекше қасиеті бар?
Қазақ халқы қой мен ешкіні қалай қабылдаған?
Жылқының пайдасы қандай?

👇
Ответ:
sleeplessness5
sleeplessness5
03.05.2021

қойдың жүнінен киіз басады. Киім-кешек, алаша, кілем

тоқылады.

Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен

айран, қаймақ, құрт, ірімшік жасалады. Сиырдың терісінен құдықтан су

тартатын ыдыс, сусын қоятын торсық жасаған. Тезегін отын ретінде

пайдаланған, егіншілікте тыңайтқыш ретінде пайдаланған.

Қазақ халқы түйені “дала кемесі” деген.

Қазақ халқы қой мен ешкіні “ уақ мал” деп атайды.

Жылқының сүті

қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Жылқының жал – құйрығынан

арқан-жіп еседі, етінен қазы-қарта, жал-жая жасайды

4,4(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
antonnetyaga
antonnetyaga
03.05.2021
1)
Арман: – Анашым!Мен бүгін шешендік өнерден бірінші орын алып келдім!
Анасы: – Жарайсың, құлыным!“Өнер алды - қызыл тіл” демекші,тіліңді қастерлеп еркін сөйлеп,осындай байқауларға қатысуың да бір өнер ғой.
Арман: – Ия,анашым.Мен сізбен толықтай қосыламын.Алайда,маған әлі де дайындық керек,көп кітаптар оқуым керек...
Анасы: – Қазір барып қалаған кітаптарыңды кітапханадан алайық та, екеуміз отырып дайынлалайық.Әлі де сені жүлделі орындар алады деп сенемін,балапаным.
Арман: – Міндетті түрде!

3)
Мұғалім: – Қане,кім жылатты Динараны?Мойындаңдар!
Оқушылар: –
Динара: – Апай...Әли мені жылатқан.Ол маған “ сен қортықсың ” деп тиісті.Әрі бұл бірінші рет емес.
Әли: – Апай,мен ойнаған едім...
Мұғалім: – Динара маған жылап келмесе,бұл қылығыңды жалғастырар ма едің сонда?Қане,кешірім сұра!
Әли: – Динара,сөзім тиіп кетсе,кешірші.Мен әдейі емес.Бұдан былай қайталанбайды.
Динара: – Жарайды...
Мұғалім: – Оқушылар,“ойнап сөйлесеңдер де,ойлап сөйлеңдер”!Ендігде мұндай жағдайлармен кездеспейтін болайын!
Оқушылар : – Ия!

2)
Анар: – Кеше білесің бе...
Айым: – Анар,ал сен білесің бе көп сөйлейтініңді?Сен мектептегі бар жағдайды білетін шығарсың...
Анар : – Не дегің кеп тұр сонда?
Айым : – “ Көп сөз - күміс,аз сөз - алтын ” ғой...Әрине,мен қарсы емеспін сенің менімен қызықтарыңды бөліскеніңе... Меніңше,сен ертең болатын байқауды ұмытып кеткен секілдісің.
Анар : – А?Не байқау?
Айым : – Әне көрдің бе?!Мен саған кездескен бойда мен бақ сынайтын байқау туралы айтып,қолдау сұрап жатқанымда,сен сөзімді бөліп өз әңгімелеріңді айтып кеттің ғой.
Анар : – Мүлдем есімнен шығып кетіпті ғой.Кешірші...
Айым: – Әрине кешіремін.Бірақ мен сенің бұдан былай өзгелер туралы жаман сөздер айтқаныңды дұрыс деп санамаймын.
Анар: – Мен тырысамын бұл жағымды жеңуге...
4,4(80 оценок)
Ответ:
lera08862
lera08862
03.05.2021

«Сауда жасай білу - өнер» тақырыбына шағын эссе.

Нарықтық экономика заманына көшкеннен бері сауда – саттық адам өмірінің маңызды бір бөлшегіне айналды. Заман талабына сай «Клиенттің айтқаны әрқашан да дұрыс» деген қағида қалыптасты. Сауда жасау, саудамен айналысу бір көзге оңай, әрі ұтымды көрінгенімен, бұл – қыр – сыры көп, арнайы білім мен біліктілік мен шыдамдылықты талап ететін мамандық түрі.  

Сауда - бүкіл адамзат дамуының қозғалту күші. Біз сатумен күн сайын айналысамыз: тауарлар, қызмет көрсетулер, білім, уақыт, тіпті соңғы кездері өзімізді (яғни білімімізді) сатамыз. Маркетинг, PR және жарнама – бұл ғылым ретінде арнайы оқытылса, экономикалық қару да, басқару функциясы да, байланыс үрдістері де тікелей сату өнерімен байланысты.  

Қазіргі таңда заманауи сатушыға қойылатын талаптар өте жоғары десек те болады. Оның себебі, сатып алушылардың талапшылдығы мен талғампаздығына, бәсекелестердің белсенділігі мен қайсарлығына біліктілікпен, құзыреттілікпен және асқан еңбекқорлықпен жауап беріп, болашақ клиентке дұрыс қызмет көрсете алсаңыз – 100%-тік табыс әкелетіні сөзсіз. Сондықтан, сауда – әркімнің қолынан келе бермейтін өнер. Өйткені, «клиенттің айтқаны әрқашан да дұрыс» деген қағида қалыптасқан заманда әрбір сатып алушымен жақсы қарым – қатынас  орнату, жаңа клиенттер табу, сапалы тауар ұсыну, тапсырысты орындай білу, табысты болу секілді мәселелер туындайды. Сонымен, сауда жасай білу нағыз өнер түрі деген қорытындыға келдім. Себебі, бұл сатып алушыны тыңдай біліп, қалаған затын толықтай түсіну, клиентке көңіл бөлу дегенді білдіреді.

4,6(91 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ