Cұрақ-Жауап
Сұрақ-Жауап іздеу
×CloseСайтты қолдану үшін FAQ танысып шығыңыз!
Аралас құрмалас сөйлемге 5 мысал?
Saltanat_Makhmut Қазақ тілі 5.04.2012 сұрақ қойды | 149k қаралды
Аралас құрмалас сөйлемге 5 мысал?
аралас құрмалас сөйлем құрмалас сөйлем
Узнать больше
Вернуться к просмотру
4 жауап
_Айс_ 5.04.2012 жауап берді
Мысалы: 1)Әрқайсысы ашылған кітаптың, аумағындай алты қиықтан майды себелеп, қыс күнінің шуағы төгілді де, артынан-ақ бұлт бүркене ме, бозамықтанып сейіліп кетеді (С. Сматаев)
2)Жалма-жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды. (Ғ.Мүсірепов).
3)Күн шығып, ел тұра бастады, - Нұрлан әлі жоқ.
4)Бізше,адам өмірін түзеуге,барлық адамдар тату тұруға негізгісі-ақ жүрек,адал еңбек,арлы ақыл болуы керек.
5)Ауылда түрлі шаралар,ұйымдар болып жатқан еді,-Айжан әлі жоқ.
Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл музыкалық аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндел жасайды.
Дауылпаз – дара аспап Шеті мен шегі, ұшы-қиыры пейіліндей кең қазағымның даласы тек мал мен егін шаруашылығы үшін ғана қолайлы болып қоймаған. Асқақ тауының бөктері мен сыңғыр күлкілі арудай мөлдір бұлақтарының етегінде әлемді мойындатар тамаша туындылар дүниеге келді. Оны да жасап шыққан – хат танымайтын, бірақ «өмір» мектебінің үздік оқушылары болған – қазақтар. Сахаралы сайын даламызда дүниеге келген аспаптың бірі – қазақтың қоңыр даусындай, арыстанның айбаты сыяр – дауылпаз аспабы.
Дауылпаз – өзінің аты айтып тұрғандай үні дауылды, күркіремелі. Оны дара аспап деуімнің себебі: дауылпаздың үніндей аспаптар кемшін. Дауылпазды алғаш көшпелі қауымның өкілдері, яғни малшы-бақташылар төрт түлікті, аң-құстарды, жан-жануарларды үркіту мақсатында пайдаланған. Өздерінің үні жетпеген жерді дауылпаз жалғап отырған. Кейін дауылпаз халық арасына тарап, ханның қол астына дейін жетеді. Дауылпазды соғу арқылы хан әскерін бір ортаға жинап немесе шақырған. Үкім немесе бір шешім шығарса да дауылпаздың үнімен қорытындылаған. Бертін келе, дауылпазды ем-домның көзі ретінде қолданған. Бақсы-балгерлер дауылпазды ұрып өздерінің көзге көрінбес жындарын шақырған. Сол арқылы дертіне шипа іздеп келген адамдарды ауруынан айықтырған. Дауылпаз – тек музыкалық аспап қана болмаған, оның атқарған маңызды қызметтері өте көп екенін осыдан-ақ біле аламыз. Ол бірден музыкалық мұраның бір бөлшегі ретінде дүниеге келе салмаған. Қайта музыканың қажетіне соңында барып жараған секілді. Кейін ел ішіндегі өнерлілердің қолынан түспей хан сарайында болсын, халық арасында болсын дауылпаздың үнімен өнерлерін паш еткен.
Объяснение:
Объяснение:Тышқан өзіне қауіп төнгенде ініне тығылады.