Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. Қаз МУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамсаң» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.Қадыр Мырзалиевтей қадау талантқа ғана айтылар бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың. Біздің бұл сөзімізге шегі барлар балалар бақшасын кеше аттаған балдырған бөбегінің тіл ашар тақпақтарын тыңдасыншы. Сонда солардың аузыңдағы бала көкірегіне салмақтысы, оңай айтылып, қиынды ұқтырар ойнақысы , тал бойында бір мін жоқ көркемі мен жинақысы Қадыр қаламынан шыққан болып шығары даусыз. Оның қаламынан туған ертегілер мен , сюжетті өлеңдер мен пейзаждар, мысалдар мен мазақтамалар, жаңылтпаштар мен жұмбақтар, санамақтар мен диалогтар қазақ балалар әдебиетінің классикасына қосылып, сәби оқушының рухани тәбетін ашып, ой-санасын оятар хрестоматиялық үлгілерге айналды.Ер жетіп келе жатқан ұлдары мен бой жетіп келе жатқан қыздары бар ағайын солар айтып жүрген әндері мен жаттап жүрген жырларына, сезім ұштар сырларына құлақ тосып көрсінші. Сонау ұлы Абайдан бермен қарайғы «құлақтан кіріп бойды алар» сиқыр сазды наз жырлардың ең саңлақтырының арасынан тағы да Қадыр қаламы ен таққан сүлей туындыларды мол ұшырастырамыз.
1. «Әдемі»сөзінің синонимін табыңыз.
Әдемі - сұлу, көрікті.
2. –дар/дер/ тар /тер/лар/ лер қандай жалғау?
Көлік жалғау.
3. Қазақ халқының қандай ұлттық ойыны бар?
Тоғыз құмалақ, алтыбақан, қыз қуу, көкпар т.б.
4. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
(Қоян жүрек - қорқақ)
Антоним: Батыл, ер жүрек.
5. Ұяң дауыссыздарды атаңыз.
б, в, г, ғ, д, ж, з.
6. Баяндауышты табыңыз: Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
7. Реттік сан есімнің жұрнақтары мен сұрақтары.
інші, ыншы, ншы, нші.
8. «Бала» сөзіне жалғанатын қандай жұрнақ?- шы, - лық, -тың, -лік,- ші.
9. Почему? сұрағының аудармасын табыңыз.
Не үшін?
10.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім?
Шәкен Ниязбеков.
11. Дара сын есім дегеніміз не?
Құрамында бір ғана сөзі бар сын есім.
12. Есептік сан есімнің жұрнақтары мен сұрақтары.
Есептік сан есім дегеніміз - санауға арналған сандар. Оларда жұрнақ болмайды.
13. Туынды түбірге(производная основа) мысал келтіріңіз. Үлгі(образец): етік+ші, жүр+гіз+у+ші
Жұмыс + шы, ел + ші т.б.
14. Туынды зат есім дегеніміз не?
Мысал келтіріңдер.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім. Мысалы: Жұмыс + шы.
15. Жіктік жалғауын үш жақта жікте:
I. Мен студент+пінII. Сен студент+сіңСіз студент+сізIII.Ол студент16. Тура мағыналы сөзді табыңдар:
жақсы адам.
17. Антоним сөздерге мысал:Үлгі(образец):1.қара-ақ, 2. жақсы-жаман, , , ...
Ұзын - қысқа.
Биік - аласа.
Алыс - жақын.
18.Сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрі: Ол жақсы оқыса, университетке түседі.
Шартты.
19. Үнді дыбыстарды жазыңдар:
р, м, л , н , ң, и , у.
20. Пысықтауышты тап: Биыл Абайдың туғанына 175 жыл толды.
21.Мақалды толықтырыңыз: «Отансыз … — ормансыз бұлбұл»
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
22.«Ү» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.Үлгі(образец):
«Ү»-дауысты, жіңішке, еріндік, ашық.
23. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.
2.мемлекеті, 3.мемлекеттік,
24. Болымсыздық есімдігін белгілеңіз: 2.Ешкім, ешқайсысы.
25. Қалау райда тұрған сөзді табыңыз.1.Айтқым келеді;