Алматы - Алатаудың баурайында жатқан ғажайып қала. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, нарттай алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізгісіз.
Әлемге дәмі тіл үйірер портымен танымал Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбені айтуға болады. Оларды тамашалап, өз көзімен көріп, табиғатына тамсану үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жылына мыңдаған туристер келеді. Ал қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар.
Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға жағдай жасап отырған Елбасымызға алғыс айтамыз. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Қазіргі заманда көріп жүрміз, қатігез ата-аналар, бақытсыз балалар. Ата-аналарының кесірінен көптеген балалар балалықтың бал дәмін тата алмай жүр. Зорлық-зомбылық көрген баланың келешегі не болмақ? А кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық. Әр адам өз өмірінің бақытты болғанын арман етеді. Ол үшін алдына мақсат қойып, көптеген игілікті істерді жүзеге асыруға ұмтылады. Ондай адамның жүрегін ризашылық сезімі билеп, жаны рахатқа бөленеді. Бақытты болу әркімнің өзіне байланысты. Өз өмірін аялап, барды қанағат тұтқан адамның құшағы бақытқа толы болады. Қасыңда жүрген адамдардың қуанышын, бақытын, жақсылығын өзінің табысындай көре білген адам бақытқа кенеледі. Әрбір атқан таң мен батқан күннен бақыт тілеген адам мұратына жетеді. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз
Алматы - әсем қала
Алматы - Алатаудың баурайында жатқан ғажайып қала. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, нарттай алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізгісіз.
Әлемге дәмі тіл үйірер портымен танымал Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбені айтуға болады. Оларды тамашалап, өз көзімен көріп, табиғатына тамсану үшін әлемнің түкпір-түкпірінен жылына мыңдаған туристер келеді. Ал қаламыздағы Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар.
Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Объяснение:
Осылай ма?