. Берілген ауызекі сөйлеу стиліндегі А және ресми іс-қағаздар стиліндегі Ә мәтіндерін оқып шығып, оларға тақырып қойып, мазмұнын анықтаңыздар А мәтіні
Дзюдодан Азия чемпионы Ғалия Тынбаевамен сұхбат.
Алғашқы жеңіліс пен жеңіс?
Ең алғашқы жарысым күні кеше ғана болғандай көз алдымда. Онда қарсыласым ұлдар болды. Иә, кәдімгідей ұлдармен күрестім. Тіпті, финалға дейін жеттім. Ақтық сында жаттықтырушымен бірге жаттығатын баладан ұтылып қалдым. Қатты намыстандым. Содан бері ұтылуды жек көремін. Өзіме “Енді ешқашан жеңілмеймін” деп сөз бердім. Қарсыласым қыз болса да, ұл болса да, соңғы мүмкіндігім қалғанша жеңіс үшін барымды саламын деп шештім. Алғашқы жеңілісім маған осындай сабақ берді.
Алғашқы жеңісім де есімде. Ол қыздар арасындағы біріншілік болатын. Бірінші орын алғанмын. Одан кейін менің жетістікке, жаттығуда төккен терді ақтауға деген құштарлығым оянды. Нәтижеге жұмыс істеуге кірістім.
Ә мәтіні
2011 жылы Астана және Алматы қалаларында 7-ші Қысқы Азия ойындарын даярлау және өткізу бойынша Ұйымдастыру комитеті К.Қ. Мәсімовтің төрағалық етуімен Азия ойындарының жалпы жарыстар бағдарламасы мақұлданды.
Бұдан басқа Ойындар өткізу шегінде Азиялық Олимпиада Кеңесінің кезекті Бас Ассамблеясы өтеді, оған 45 азия елдерінің спорт қозғалысы басшылары қатысады деп шешілді.
Тақырыбы
А мәтіні Ә мәтіні
Мазмұны
А мәтіні Ә мәтіні
МақсатыӨңдеу

Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззатберу. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ