Тәрбие басы - тал бесік.
Бала біздің ертеңіміз, болашағымыз. Сондықтан біз ертеңіміз үшін, жарқын болашақ үшін, өміріміздің жалғасы ұрпақтарымызды ұлағатты тәрбиелеуіміз керек. Ол тәрбие тал бесіктен басталады. Олай дейтін себебі, баланың анасы баланы бесікке бөлеп отырып, тербетіп отырып, өзінің баласына деген махаббатын, тәрбиесін ана әлдиімен жеткізеді. Осы бесік жырының маңызы аса зор. Ол ұлттық дәстүрлерді, адамдық қасиеттерді, адамзатқа тән барлық жақсылықтарды баланың бойына бесіктегі кезінен бастап сіңіреді. Сондықтан "Тәрбие басы-тал бесік",- деген ұғым қалыптасқан.
Объяснение:
Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған мегзейді. Алғысқа қарсы мағына —қарғыс.Сондықтан біз қарғысқа ұшырамай тек алғыс білдіріп жүрейік.