М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mta123
mta123
24.06.2021 03:57 •  Қазақ тiлi

«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Қиял әлемі.
Көлік және жол белгілері. Адамның сырт келбеті
Бөлім атаулары:
мен міне
1-тапсырма
Myparep
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
- Мен картайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлыгына сай
болса, сол мұрагерім болады. Әркім маған өз байлығы мен ақылын көрсетуі керек,- дейді.
Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп:
- Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, — дейді.
Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де:
- Мені осы түрімде көргендер акылым мен байлыгымның алдында бас иеді, - дейді.
Үшітті ұлы күміспен және алтынмен аталған белдігін буынады да:
- Мұндай белдікті ешкім, ешкашан тағынып көрген емес, — дейді.
Әкесі үлкен балаларына карап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып:
- Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығынмен мақтанасың? —
дейді. Сонда кенжесі:
- Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен аталған белдік те жоқ. Тек
жұмыска жарамды екі қолым, арманымды орындауға ұмтылар жүрегім бар. — дейді.
Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.
- Жұмыс істей білген адам жұтамайды, - деп, өзінің кенже ұлын мұрагер атайды.
Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.
(inp://www.balakaj.ua/ertegler/ сайты) 71 свя.
1. Әкесі нені анықтағысы келді? Балаларының ...
А киім киісін
B. қазына мелшерін
С. өзін көрсетуін
D. өмірге
бейімділігін
[
1]
2 Мәтіннің қай бөлігінде қымбат киім киген ұлы туралы
айтылған?
А басында
В. ортасында
С. соңында
3. Мәтіндегі ақсақал неліктен мұрагерлігін кенжесіне тапсырады? Ойынылды
3 сөйлеммен жазыңыз.
4. Мәтіннің құрамынан зат есімнің мағыналық түрлерін тауып жаз. [1]
акы зат есім
Жашы зат есім
Деректі зат есім
Дерексіз зат есім​

👇
Ответ:
LamanAchverdiyeva
LamanAchverdiyeva
24.06.2021

1)Д;

2)В;

3)Жұмыс істей білген адам жұтамайды. Егер адам еңбек етпесе асыл тас та, көрікті киім де, алтын-күміспен аталған белдік те бір күні таусылып ол өз күнін көре алмай жұтап кетеді. Әкесі осыны аңғарып бар мұрасын кішй ұлына тапсырды.

4)Жалқы зат есім жоқ

Жалпы зат есім көптеп кездеседі: Мұрагер, шал, ұл, байлық, ақыл, әке, алтын, күміс, тас, белдік, киім, жұмыс, қол, бала, іні.

Деректі зат есім: Асыл тас, көрікті киім, алтын-күміспен аталғн белдік.

Дерексіз зат есім: Еңбек.

4,6(1 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Pump2000
Pump2000
24.06.2021

Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.

4,7(94 оценок)
Ответ:
Rav1112
Rav1112
24.06.2021

Альберт Эйнштейн, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) – қазіргі Германия жерінде туып өскен физик-теоретик, заманауи физиканың екі негізгі тірегінің бірі болып есептелетін салыстырмалылық теориясының негізін қалаушы (екіншісі квантты механика). Эйнштейн ғылым философиясына қосқан үлесімен танымал. Ол масса-энергия эквиваленнтілігінің формуласы E = mc2 ойлап тапқандығымен әйгілі. 1921 жылы "теориялық физикаға қосқан үлесі үшін, фотоэлектрлі эффект заңын ашқандығы үшін, кванттық теорияның дамуына қарай қадамдары үшін" физикадан Нобель сыйлығының иегері атанды. Атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:

Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).

Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы

Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы.

Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салған.

1933 жылы Адольф Гитлер билік басына келгеннен сәтте, Америкада жүрген болатын. Еврей ұлтының өкілі болғандықтан, Берлин ғылымдар академиясына, профессор болып жасап жүрген жеріне, қайта оралмаған. АҚШ-та қалып, 1940 жылы сол елдің азаматтығын алған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталар тұста АҚШ Президенті Франклин Рузвельтке фашистерде "өте жойқын бомбының жаңа түрі" пайда болу қауіптілігін айтып, сол бағытта АҚШ та сондай зерттеулер жүргізу қажеттілігін ұсынған. Бұл хат Манхэттон проектісінің пайда болуына әкелген. Антигитлерлік коалицияны қолдаса да, жаңадан ойлап табылған атомдық бөлінуді қару ретінде қолдануды қош көрмеген. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Эйнштейн бейбітшілікті көп насихаттауға бет бұрып, өмірінің соңын осы АҚШ-та өткізіп, сол жерде 1955 жылы дүние салған.

4,7(37 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ