1-тапсырма. Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер. Мәтіннен сын-қимыл үстеуін тап.
Толғанайдың екінші ұлы - Майсалбек соғысқа кетеді. Ол соғыстан анасы-
на хат жазады. Хатта анасымен қоштасады. Ол өте маңызды тапсырманы
орындауға кетеді. Майсалбек анасымен қоштасып, ерлікпен қаза табады.
Майсалбек - батыр.
. Толғанайдың неше ұлы бар еді?
. Майсалбек не себепт анасымен қоштасады?
. Майсалбек қандай адам болған?
- Майсалбек хатында не жазуы мүмкін?
Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала - шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді.