М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
eltinua
eltinua
15.03.2023 00:25 •  Қазақ тiлi

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 6-сынып Бөлім «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология»

Оқу мақсаты: 6.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау, мәтіндегі
ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру
Тапсырма:
Мәтінді зейін қойып оқып, төменде берілген тапсырманы орында.
НВО телеарнасының мәлімдеуі бойынша кәсіпқой бокстағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин әлемнің үздік бес былғары қолғап шеберлері санатына енді. Әлемнің үздік боксшылары тізімінің көшін америкалық 36 жасар Флойд Мейвезер бастап тұр. Одан кейінгі орындарда 29 жасар Андре Уорд, 30 жасар Тимоти Брэдли және аргентиналық 38 жасар Серхио Мартинес бар. Ал GGG орта салмақ дәрежесіндегі қазіргі таңда әлемнің үздік боксшысы болып саналады. Бұған дейін Геннадий Головкин келесі кездесуін 3 қарашада америкалық Кертис Стивенспен өткізеді. Шаршы алаңдағы жекпе-жек Нью-Йорк қаласында болады.
Ал енді спорттағы мақтанышымыз туралы нақтырақ айтсақ, Головкин Геннадий 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Ол 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы, жастар арасындағы әлем чемпионы, ҚР I спартакиадасының чемпионы. Шығыс Азия ойындарының чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы. Сонымен қатар
«А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. Гена WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 8 рет қорғады және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы атағын 5 рет қорғаған. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокста орташа салмағы тарихында нокаут үлесі бойынша бірінші орында тұр.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін 2003 жылы бітірген. 2003 жылдан бері «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі, ҚР спорт шебері, Халықаралық кластағы спорт шебері, бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

1- Тапсырма Мәтінді түсініп оқы да детальді ақпараттарды анықта. ./Детальды ақпарат дегеніміз-мәтіндегі негізгі ақпаратты дәлелдейтін фактілер,мысалдар,жылдар,деректер,пайыздық көрсеткіштер,дәйексөздер/

р/с
Детальді ақпараттар
1

2

3

4

2- тапсырма Берілген сөздердің біреуіне морфологиялық талдау жаса : Спортшының, өзімен,жазылған,жинатқызды,таран

Сөз:

Құрамына қарай-

Түлғасына қарай-

Мағынасына қарай-

Түбірі –

Қосымша / жұрнақ,жалғауы/

3-тапсырма. Достарыңның немесе туыстарыңның арасында бокспен не басқа спорт түрімен айналысатын адамдар бар ма? Олар туралы не айта аласың?


Бағалау критерийі

Дескриптор


Білім алушы

Мәтін мазмұнындағы
детальді ақпараттарды
анықтайды
Сөз табын, түрлерін ажыра-тып,талдайды
1

Мәтіндегі детальді ақпараттарды табады
1-ақпарат
2-ақпарат
3-ақпарат
4-ақпарат
Морфологиялық талдау жасайды:
Құрамын;
Тұлғасын;
Мағынасын;
Қосымшасын табады

1
1
1
1

1
1
1
1

2

Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады
3
Спортпен айналысатын достары ,туыстары туралы әңгімелейді
3
Барлығы

11

Помашит класс

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Индира1973
Индира1973
15.03.2023

Төрт түлік мал – халқымыз байлығы.Қазақ халқының тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. «Ат-ердің қанаты» дейтін дана халқымыз, жылқыны өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ жанұясы өмір сүре алмайтын шығар. Сиыр - жесең ет, кисең киім. Оның сүтінен жасалатын айран, қаймақ, ірімшік, құртынсыз ешбіреуіміз балалық шағымызды елстете алмаймыз. Түйе малы –нағыз көлік, қымыран мен шұбаты талай рет батырларымызды ауру-сырқаттан алып қалған сынды. Қой шаруашылығы-әлі күнге дейін Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы. Онымен қоса, халқымыздың маманданған дәстүрлі ата кәсібі. Осы төрт түлік халқымыздың ежелден келе жатқан мұрасы және байлықтарының бірі. 

4,7(60 оценок)
Ответ:
Temik763
Temik763
15.03.2023

Шілдехана шілделік, шілде күзет – өмірге келген нәрестенің құрметіне жасалатын той. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы адам өмірге келгеннен кейін, жақындарына сүйінші сұрап жаушы жібереді. Сүйінші хабарды жеткізгендер ұл туса – “ат ұстар” немесе “жылқышы”, қыз туса – “көйлек тігер”, “қырық жеті” немесе “сауыншы туды” деп хабарлаған. Одан кейін туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да “бауы берік болсын” деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап, “күзету” деген сенімге саяды. Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды. Бұл ғұрыптың түпкі мәні бала мен ананы тіл-көзден сақтау, жын-шайтандардан қорғау дегеннен туындаған. “Шіллә” (“чілле”) парсы “қырық” деген мағына береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен (қ. Қырқынан шығару). Әсіресе, жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”. Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.[1

4,7(93 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ