М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Артём24532523
Артём24532523
02.07.2021 17:28 •  Қазақ тiлi

тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз. Мәтінде көтерілген мәселені анықтаңыз, негізгі деректерді белгілеңіз. Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі.

Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе. Түйе-жүк көлігі. Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе. Түйе жолға да шыдамды.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл.

Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ. Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды.

Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр. Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді. Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі. Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді.
1.Мәтінге ат қой (озаглавьте текст)

2.Мәтінде негізгі ойды анықтаңыз (определите главную мысль текста)

3. Берілген сөздерге мәтіннен антоним, синоним сөздерді тауып жаз. (Найдите из текста антонимы и синонимы к данным словам)

Антоним: отырықшы- , арзан- .

Синоним: бағалы- , шыдамды- .

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Reastern1
Reastern1
02.07.2021
,,Денсаулық зор байлық ,,-деген мақал бар.Расында да әр адам үшін-денсаулық зор байлық.Әр адам  денсаулығы  мықты болу жолдарын қарастыру керек.Адамның денсаулығына  жақын достар--тазалық ,спорт, таза ауа дұрыс тамақтану ,күн тәртібі, еңбек.Үнемі дене шынықтырумен айналысатын адам ауырмайды.Денсаулығың мықты болу үшін көбінесе көкөністер ,жеміс -жидектер жеу керек..Олардың құрамында көп пайдалы дәрумендер бар.Әрине ет, балық сүт тағамдардың  орны бөлек -бұл тағамдар денсаулық үшін маңызы зор.Дені сау адамның көңіл күйі көтерінкі болады ,ол жағсы еңбек етеді.
4,6(68 оценок)
Ответ:
gleb090902
gleb090902
02.07.2021

Шығарма.

Спорт - денсаулық кепілі.

Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.

Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.

Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.

Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.  

Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.

Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.

4,6(18 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ