Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буындеп аталады.Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, соншабуын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбысекі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буынбітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
Қазақстан РеспубликасыөЕуразия құрлығындағы мемлекет.Құрлықтың орталығының бөлігінде орналаскан.Республиканың жерш батыстан шығысқа 3000 километрге,солтүстіктен оңтүстікке 1600километрге созылған.Жер аумағы 2725 мың шаршы километр.Халқы 15 миллион адам.Оның 8 миллионын қазақтар құрайды.Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.АстанасыөАстана қаласы.№мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.Ұлттық валютасы-теңге,1993 жылы 15 қарашада енгізілген