М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
danyaaseev2006
danyaaseev2006
07.01.2022 21:15 •  Қазақ тiлi

Манап пен Қали не туралы. сөйлест көмек тезз​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
lera192837465
lera192837465
07.01.2022
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан, айналасы қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш
қылып, тастың суағар жеріне жазу жазыпты:

- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, - деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң жазуды оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.

Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:

- Жоқ мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек, бұл бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді; бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, - деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсын?» -деп сұрады.

Жігіт айтты:

- Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп, лай-қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағнасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, - деді.
4,4(85 оценок)
Ответ:
дэнчик60
дэнчик60
07.01.2022
Хайуанаттар мен өсімдік турлері табиғаттың қайталанбас, генетикалық бірегей туындысы, олардың әрбіреуін құртып алу дегеніміз табиғаттың баға жетпес сыйынан айырылумен барабар болып табылады. Өйткені тіпті ластанған су мен ауаны да тазартуға, қалпына келтіруге болады, ал жойылып кеткен биологиялық түрді қайта тудыру, дүниеге қайта келтіру деген мүмкін емес нәрсе. Енді бірнеше мысал келтірелік. 19 ғасырда құстар мен сүтқоректілердің 70 шақты түрі құрыды, ал үстіміздегі ғасырдың бірінші жартысында Жер бетінен тағы да 40 түрі құрып кетті. Қазіргі кезде тек омыртқалылардың ғана 600-ден астам түріне жойылу қаупі төніп тұр. Тіпті фаунамыздың (жануарлар дүниесінің) кейбір тамаша өкілдерінің құрып біткен ақырғы уақытын да айтуға болады. Мысалы, 10 ғасырда Европаның ормандары мен орманды далаларында қаптап жүрген түр жабайы сиырының ең соңғысы 1627 ж. Польша жерінде өлді. 1741 ж. Командор аралдарынан табылған, дене тұрқы 8 м, салмағы 3000 кг шығатын су сиырлар 1768 ж. бүтіндей құрып бітті. 18 ғасырда оңтүстік орыс да-лаларында тарпан жабайы жылқысы үйір-үйірімен жайылып жүрегін, соңғы тарпан 1879 ж. құрыды. Бір кездерде Солтүстік Америкада бірнеше миллиондап колония болып ұялайтын кезеген кептерлерді адамдар бас-аяғы жүз жылдан аз-ақ астам уақыт ішінде қырып жіберді, ақырғы кезеген кептер 1914 ж. 
Источник: http://bilimkozy.idhost.kz/kz/referat/geografiya/360-yzyl-ktap.html
4,6(75 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ