М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Avry99
Avry99
12.03.2020 21:29 •  Қазақ тiлi

Катаклизмдер түрлерін анықта​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
dasha1895
dasha1895
12.03.2020
Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Оқушы сана-сезімінде адамзат жүріп өткен тарихи-мәдени әлеуметтік жол кітап арқылы өзінің мән-мағынасымен, барлық қырмен ашылды. Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде кем.«Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ қалыптасу мен даму жолында өз қиныншылықтарын да бастан өткізді. Қалалық еңбекші депутаттар Советі атқару комитетінің 1976 жылдың 1 наурызындағы №5-83 шешімімен Семей қаласындағы 30 қалалық кітапхана біріктіріліп, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі болып құрылды. Кітапханаларды бір жүйеге тоғыстырып орталықтандыру – біріккен кітап қорын құру, кітапхана ісін, қызметкерлерді басқару, материалдық базаларды нығайту үшін алдағы уақытқа қызмет түрлерін жоғары деңгейде өркендетуге, стратегиялық міндеттер қоюға үлкен мүмкіншіліктер берді.Алайда, оңтайландыру уақытында (1993-1996 жж.) қала жүйесінде 26 кітапхана қысқартылып, 1997 жылы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрамына 4 қалалық кітапхана мен Шүлбі кентіндегі кітапхана кіріп, небәрі 5 кітапхана қалды.Қалалық орталық кітапхана және 3 қалалық бөлімше мен Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесі өз мойындарына жабылған кітапханалардың оқырмандарына қызмет көрсетуді  алып қана қоймай, сонымен қатар жұмыс барысына жаңа кітаптармен қамтамасыз етілу үшін ақылы қызмет түрін енгізді, сондай-ақ қосымша қаржы көздерін яғни демеушілерді іздестірді.Осылай 2001 жылы «Евразия» қорының 32 500 АҚШ долларын құрайтын грантын жеңу арқасында «Экономика және құқық ақпарат орталығын» құрылды  - 2003 жылы балалар және жасөспірімдер кітапхана-бөлімше ашылды-  2004 жылы Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімше ашылды-  2005 жылы Жаңа ақпараттық технология бөлімі ашылдыҚазіргі уақытта қала жұртшылығына 7 кітапхана қызмет көрсетіп отыр.
4,8(85 оценок)
Ответ:
fariii046
fariii046
12.03.2020

Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?

Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.

Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті  көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.

4,7(52 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ