Бесіктің пайдасы туралы жарнама мәтін.
Көшпелі өмір кешкен қазақ халқының аса қастерлеп ұстаған мүлкі бесіктің қадір-қасиетін кім білмейді? Бесік – өмірге жаңа келген періште-сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде алаңсыз балалық шағын есіне түсіретін ардақ тұтар асыл бұйымы емес пе?! Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Бұл қазақтың «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деген ұғымына толығымен сай келеді.
Ал бесіктің құрылымы балаға гигиеналық тәрбие беруге лайықталған әрі алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, көшіп-қонып жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне де тиімді.
Сондықтан ұлттық болмысымызды, салт – дәстүрімізді жоғалтпайық десек, бесікке бөлеуді қолға алайық. Бесікті пайдаланбау арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз. «Бесікке салу», «Тыштыма», т.б. жоғалды. Үлкен жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе!» дегенді тегін айтпаған шығар.
Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
- Сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқкиімдерді таңдаңыз. Сән қуушылардың биік өкшелі аяқ киімдерді кимегені жөн.
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
- Егер мұзды жерді айналып өту мұмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
- Ылдилы жерлерден айналып өтуге тырысыңыз;
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;
- Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болсын, ауыр сөмкелер ұстамауға тырысыңыз. Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.
- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
Объяснение: