М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vaynasmirnov021
vaynasmirnov021
19.01.2023 09:00 •  Қазақ тiлi

Бжб 6сынып казак адибеты 1-Тапсырма
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілген үзінділер арқылы түсіндіріңіз
Қ\с
Шығармадан үзінділер
Идеясы
1«...- Ертеде бір жетім бала бопты… - деп Аян екінші ертегісін бастады.
Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз сендіретіндей керемет бір күш бар.. Ғажап ертегілер еді… Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те, сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден: көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді..»
2«..Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана:
Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,- деді.Қарағым, жолың болсын,- деді жыламсырап.- Жақсыдан қалған тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсің әлі...

Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты. Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын,- деді күлімсіреп.

Біз, балалар, Аянды кеп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушы едік.

Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді. Ал тірі болса Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның иісін сағынбауы мүмкін емес қой »

2-тапсырма Тортай досына кетерінде ең сүйікті кітабын сыйлап тұрып айтты: «Мен үшін де оқы, бәлкім, мен міне алмаған ақ боз атқа сен мінерсің?!» берілген сөйлем оқырманға қандай ой салады? Шығармаға өз көзқарасыңды жазыңыз.

👇
Ответ:
LemonkaGame
LemonkaGame
19.01.2023

Балаларды қорғау керек. Ауыл өмірын жаңғырту керек. Балалар үйі болмаса екен

4,5(82 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
verayusupova86
verayusupova86
19.01.2023

Қазтуған жырау ноғайдың Едисанордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдол­лаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жарты­сын­да жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мем­лекеттік архивінің көне актілер жө­ніндегі бөлімі­нің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлы­сының 1660 жылдарға дейінгі де­рек­тері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ би­леушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшы­ла­ры­ның алдына барып, орыс-қалмақ ке­­­лісіміне қол қойып, аманат са­ра­йын­дағы ноғайдың жас мырзасын бо­са­туды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайлары­ның мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдын­да­­ғы абыройлы істерін еске салды. Алай­да, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске қабар­дин кінәзі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі ха­бар­лайтынын айтып, қалмақ делега­циясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Қобанға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Қобанның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.

4,7(4 оценок)
Ответ:
Ксееее
Ксееее
19.01.2023

«Сен маған досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып берейін» демекші, дос - адам жанының айнасы тәрізді. Себебі, адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын адамды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылықтары мен көзқарастары бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Дегенмен, кемшіліксіз адам болмайды, әрқайсымыздың өз кемшіліктеріміз бар. Сондықтан да, менің ойымша, мінсіз дос болмайды. Немесе, мінсіз дос осындай болу керек деген тұжырымдама да жоқ. Достық - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Менің ойымша, ең бастысы адамдар бірін – бірі түсініп, қиын жағдайда қолдау көрсетіп, қуанышты бірге қызықтаса, міне, осыны мен мінсіз достық деп білемін, ал сіз менімен келісесіз бе?

Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Дана халқымыз да достық қарым – қатынасты ерекше бағалап, қастерлеген.  

Объяснение:

4,7(2 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ