5. «Менің атым Қожа» шығарманың негізгі идеясын анықта. А. Қожа бейнесі арқылы оқырмандарды жамандықтан аулақ болуға, өтірік айтпауға, шынайы болуға, әрдайым қол ұшын созатын елгезек болуға, жанашыр болуға үндейді
Ә. Алаңсыз балалық шақты суреттей отырып, Қожа бейнесі арқылы қазақтың қара баласының ерке, еркін арманшыл мінезін, сенімі мен нанымын, өмірге деген тұңғиық көзқарасын, досқа адалдығын оқырманға жеткізу
Б. Қожа бейнесі – қазақ балалар әдебиетіне қосылған үлкен олжа, ірі табыс
Д. Шығарма арқылы қазақ ауылының тұрмыс тіршілігін, болып жатқан келеңсіз оқиғалардың орын алуын суреттеу
Дара, күрделі, үйірлі анықтауышқа мысал сөйлемдер.
Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді.
Құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.
Дара анықтауыш толық мағыналы бір сөзден болады.
Мысалы: Зейнептің көздері үлкен (қандай?), кірпіктері ұзын (қандай?).
Оқыған (қандай? қай?) кітаптарым мені іске бастады.
Ашынған (қайткен? қандай?)әйел мән - жайын айтады.
Күрделі анықтауыш күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады.
Мысалы:
Қылқан жапырақты (қандай?) ағаштың ең үлкені – алып қарағай.
Жаңадан тұрғызылып жатқан (қандай?) үй осы жылдың аяғына дейін тұрғындарға тапсырылады.
Сайысқа қатысып жатқан (қандай?) үміткерлердің барлығына кішігірім сыйлық беріледі.
Үйірлі анықтауыш – кемінде екі не одан да көп сөзден құралады. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.
Мысалы: Білімі көп (қандай?) адам жерде қалмайды.
Ыстық шаңға құмыққан (қандай? қай?) Алмас машинаның терезесін ашып жіберді.
Талабы көп (қандай?) жігіт болашақта үлкен жетістікке жетеді.