М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Sindex212
Sindex212
04.04.2022 16:10 •  Қазақ тiлi

Қазақ халқы ежелден өнерсүйгіш халық. Оның музыкалық мәдениеті өте бай. Халқымыз ақын, әнші-сазгерлерді ерекше құрметтеген. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі

Ыбырай қазақтың классикалық әндерінің негізін қалаған. Қазақтың ұлттық музыка

мәдениетінің ішінде ән салу мен ән шығару, домбыра, қобыз, сырнай тарту жақсы дамыған.

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ халқының арасынан көптеген әншікомпозиторлар, жырау-жыршылар, ақын-күйшілер шыққан. Олар: Құрманғазы,

Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина, Сүгір және т.б. Қазақ халқының ән-музыка мәдениетінің

дамуына Біржан, Мұхит, Естай, Нартай, Жаяу Мұса, Майра, Жамбыл, Кенен, Әміре сияқты

ұлы тұлғалар әжептәуір үлес қосқан.

Этнограф және сазгер А. В. Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен

күйлерін жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі»

деген жинақтар жариялаған. Осыдан-ақ қазақ музыкасының қаншалықты бай екенінін және

жоғары бағаланғаның көруге болады.

Музыка классикалық музыка, халық әндері, халық күйлері болып бөлінеді. Оны

үлкен залдарда оркестр орындайды. Классикалық музыка терең мазмұнды болып келеді.

Қазақ әндерінің көпшілігі домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Қазақ әндері татулық

пен бірлікті, байсалды мінезді, ақылдылықты насихаттайды. Қазақ халқының кең тараған

халық әндері: «Дудар-ай», «Гүлдерайым», «Бір бала» және т.б. Халық күйлері — халықтың

тұрмысын, салт-дәстүрін, адамның тағдырын баяндайды. Халық күйлері ұрпақтан ұрпаққа

жеткен. Сондықтан олардың авторлары ұмытылып, халықтың күйі деп аталған

Скажите аснавную тему текста​

👇
Ответ:
knopendui
knopendui
04.04.2022

ответ:Қазақтардың музыкалық мәдениеті.

Объяснение:

4,7(36 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Хелп11111111111
Хелп11111111111
04.04.2022

Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті

4,7(11 оценок)
Ответ:
Atedoz
Atedoz
04.04.2022

М. Әуезовтің «Көксерек» повесі – өзінің проблемалық өзектілігі жағынан, тақырыптық ерекшелігі жағынан бітімі бөлек шығарма. Әңгіме сол дәуірде үлкен бағыт алған адам-табиғат тақырыбына құрыла білген. Шығарманың көркемдік деңгейі аса жоғары болмаса да, типтік образ жасау, қазақтың қарапайым қойшы баласын – Құрмашты жасауы үлкен құбылыс десек болады. Ал табиғаттың рөліне көшкен Көксерек ше? Көксерек десе кез келген қазақтың тітіренетінін, қозатынын жақсы білеміз. Қасқырдың «өзінше ойлауы, өзіндік менінің» болуы да, дәл мұндай ірі образ жасаудың өзі – шеберлік. Шығарма тақырыбы мен тематикалық проблематикасы және оның қазақы таным-ұғымға ыңғайлана құрылуы үлкен жетістік деп білеміз.

Жазушының «Көксерек» шығармасын ерекше шығармалар қатарына қоса отырып, іргелі, классикалық туынды ретінде қарастыруға болады.

Объяснение:

4,6(43 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ