у меня сор А мәтіні. Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген сұраққа жауап беріп, мәтінде кездесетін есімдіктің түрлерін анықтаңыз, жасалу жолын түсіндіріңіз. Асық ату ойынының қандай пайдасы бар?
Асық ату
Асық ату — ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарының бірі.Бұл ұлттық ойын көбінесе
әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты
қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының баршасы табиғи заттармен ойнауға негізделген.
Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған
икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі кой асығымен байланысты
болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің
бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шындап, оларды дәлдікке,
ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.Асық атудың жарысы ҚР Спорт және дене шынықтыру
агенттігінің және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығымен бекітілген «Асық ойынының ережесі»
бойынша өткізіледі.
Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі кезде қайырымдылық қоғамдарының іс-тәжірибелерімен жалғастырылып келеді. «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без», – дегендей, кісілікті ту етіп, адамгершілікті биік ұстау, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямау, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныту – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» – деген екен халқымыз. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір хадисінде: «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады»,– деген. Бұл өмірде жасалған ешбір жақсылық та, жамандық та ешқашан жерде қалмақ емес. Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық.