Қазақ тілі-бай тіл.Оралымды,ырғақты,теңеу-бейнеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай,Ілияс сияқты,прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймін. Иа,қазақ тілі-дамыған,жетілген,бай,икемді тілдің бірі.Қазақстанның болашағы да осы қазақ тілімен байланысты. Осыған орай жыл сайын біздің еліміз 22 қыркүйек- «Мемлекеттік тіл-қазақ тілі» мейрамын атап өтеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю. Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан,Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.
Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәулсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар.1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп. Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұлда біздің үлкен мақтанышымыз.2011 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл болады. Бұл үлкен мереке. 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасы басқа елдерге қарағанда экономикасыда, ел де тез дамып келді. Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 12 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар.Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын.Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.Мен қазақ жерін сүйіп, мына өлең жолдарын арнаймын:Менің Отаным – Қазақстан,Жасара бер әрқашан.Президент ата НұрсұлтанБіздің елді басқарған.