Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының мүшесі, ағартушы, тіл білімін зерттеуші ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы. Қазақстанда «Ұлт ұстазы» ретінде белгілі.
А.Байтұрсынұлы керемет әдебиеттанушы, ұстаз, тіл білімін зерттеуші болған. Ол қазақ жазуын араб графикасының негізінде жаңартып, шетелде тұратын миллиондаған қазаққа осы әліппені қолдануға мүмкіндік берді. 1912 жылы А. Байтұрсынұлы барлық қазақ тілінде қолданылмайтын араб әріптерін алып тастап, қазақ тіліне тән әріптерді қосты. «Жаңа Емле» атты бұл әліппе әлі күнге дейін Қытай, Афганистан, Иранда тұратын қазақтармен қолданылады.
Қазақ тілінің негізін қалап, қазақ грамматикасын анықтайтын ғылыми терминдер енгізді.
Репрессия құрбаны болып, ату жазасына кесіліп, қайтыс болғаннан кейін ақталған.
Перевод.
Ахмет Байтурсынулы — казахский общественный и государственный деятель, член партии Алаш, просветитель, учёный-лингвист, литературовед, тюрколог, поэт и переводчик. В Казахстане почитается как "Ұлт ұстазы"("Учитель нации").
А. Байтурсынулы был блестящим литератором, педагогом, лингвистом. Он реформировал казахскую письменность на основе арабской графики, дав возможность пользоваться ею миллионам казахов, живущих за границей. В 1912 году Ахмет Байтурсынулы исключил все чисто арабские буквы, не используемые в казахском языке, и добавил буквы, специфические для казахского языка. Новый алфавит, получивший название «Жаңа Емле» («Новая орфография»), до сих пор применяется казахами, живущими в Китае, Афганистане, Иране.
Разработал основы казахского языка и научную терминологию для определения казахской грамматики.
Расстрелян в период Большого террора, реабилитирован посмертно.
Бесеудің хаты — қазақ зиялыларының БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге жолдаған хаты (1932 ж. 4 шілде). Бастапқыда И.В. Сталинге арналып жазылған.
Атақты "Бесеудің хаты" туралы осы күні көзі қарақты оқырманның бәрі біледі. Олар туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар еді ғой. Олардың жарқын есімдерін жер бетінен жоғалып кетпесе қазақ ұмытар ма?
Бесеудің хаты республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. Хатта қазақ ауылындағы социологиялық қайта құрулар бүкіл халықтық қасіретке айналып, барлық әлеуметтік топтарды — байларды, орташаларды, кедейлерді қамтығаны, күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру, алым-салық жинаудағы қиянаттар жұрттың жаппай аштық пен індетке, ауа көшуіне әкеліп соққандығы шыншылдықпен баяндалды. БК(б)П Қазақ өлке комитетінің ауыл шаруашылығын басқару жөнінде жүргізген қатыгез саясаты сынға алынды. Бірақ құжатта жергілікті жерлерде жіберілген “асыра сілтеушіліктерге” солшыл коммунистер айыпты деп көрсетілді. Елді ауыр жағдайдан құтқарудың жолдары ұсынылды.
Хаттың авторлары:
жазушы Ғабит Мүсірепов (1902—1985),
Қазақ мемлекеттік ба меңгерушісі Мансұр Ғатаулин,
Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков,
Алматы Комвуз проректорының орынбасары Мұташ Дәулетқалиев,
Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев қуғынға ұшыратылды. Хаттың жазылуына Халком Кеңесінің төрағасы Ораз Исаев түрткі болған. Бесеудің хаты қазақ зиялыларының тоталитарлық тәртіпке наразылығының бір көрінісі болып табылады.
Дегенмен, жазуша Ғабит Мүсірепов және Мұташ Дәулетқалиев жайлы бірер деректер болмаса, қалған кісілер туралы деректер тапшы. Мұташ Дәлетқалиев Батыс Қазақстан облысындағы Орда өңірінде өмірге келген, 1930 жылы Мәс-кеудің Плеханов атындағы Халық шаруашылығы институтын бітірген, содан елге келіп түрлі салада басшы қызметтер атқарған. Ал "Бесеудің хаты" жазылған 1932 жылғы 4 шілдеде ол КомВУЗ-дың (кейіннен жоғары партия мектебі болған) ректоры қызметінде болған екен.