М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
coollest
coollest
14.01.2021 20:46 •  Қазақ тiлi

Мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған 3 нақтылау сұрақ құрастырыңыз. Су - тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
Сұрақтар:


Мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған 3 нақтылау сұрақ құрастырыңыз. Су - тіршілік көзі.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Dashka250715
Dashka250715
14.01.2021
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
4,6(10 оценок)
Ответ:
Fomabarca
Fomabarca
14.01.2021

Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.

Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.


Қыстырма сөздерді пайдаланып, суретпен әңгіме құра арғарай жалғасы
4,5(15 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ