Уақыт бұл біздің өтіп жатқан өміріміз. Біз мұны көбіне біле бермейміз. Уақытымыз өтсе қуанамыз. Адамның босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Біз өзіміз уақытты үнемдеп босқа жібермеуге тырысуымыз керек. Мен үшінші сынып оқушысымын. Өз уақытымды құр босқа өткізбеуге тырысамын. Әрдайым сабаққа дайындалып жүремін. Бос уақытымда көркем шығармалар, қызықты ертегілер оқимын. Әртүрлі үйірмелерге қатысамын. Кейде уақыттың қалай зымырап бара жатқанын түсінбеймін. Уақыттың бос өткені өмірдің бос өткені деп бекер айтпаған. Біз уақытымызбен күш-қуатымызды дұрыс жұмсай білуге үйренуіміз керек. Біз үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Себебі алтынды кез–келген уақытта сатып алуға болады. Ал уақытты ешқашан тоқтата алмаймыз. Әрбір сағатымызды дұрыс өткізіп, әрбір күнімізді дұрыс жоспарлап отыруымыз керек. Алтын уақытымызды жақсы істерге жұмсайық. Өскенде неге мектепте жүргенде уақытымды тиімді пайдаланып оқымадым, деп өкінбейік. Уақыт бізге берілген үлкен сыйлық. Алтын уақытымызды қадірлей білейік.
Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет. Сабақтың қызықты өтуі үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның ұтымды бір түрі — ойын арқылы тіл дамыту болып табылады

Объяснение: