М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ariya03
Ariya03
16.11.2021 16:24 •  Қазақ тiлi

Су мәтіндегі косымша мен негізгі ақпарат жаз​


Су мәтіндегі косымша мен негізгі ақпарат жаз​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
sonyachibineva
sonyachibineva
16.11.2021

объяснение:

ұлы дала өркениеті біздің бүгінгі күнімізге қандай жақындап келе жатса, көне түркі жазуына да сондай жақындап келеміз. 18 мамыр – көне түркі жазуы күні. көне түркі жазуының пайда болуы туралы болжамдар 1. бұлар ру таң ұқсайды. мағыналық белгілерге ұқсайды. 2. көне замандағы финикия жазуының арамей тармағына ұқсас жерлері бар. 3. көне соғды жазуын түркі тіліне бейімдер өңдеу және таң қосу арқылы қалыптасқан. көне түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында ұлы түркі қағандығы, хазар қағандығы кезінде қолданылған. таралу аймағы монғолия-сібір далаларынан тибет жеріне дейін және еуропадағы венгрия, чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. көне түркі жазуларының орнына далалыққа көне ұйғыр жазулары келді. бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. оның таралуы манихей дінінің таралуына байланысты болды. кейін бұл жазуларды ислам дінінің ықпалымен енген араб жазулары ығыстырып шығарды. кейін осы араб жазуларының орнына қазіргі түркі халықтары латын және кирилл әліпбилерін қолданады. дала жазуының тарихы б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына брахми және кхарошхи жазулары таралған. бұлар көне үндістаннан келген. ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, қытай ғы «шаньюй» (моде шаньюй) деген сөздің ғұн тілінде «сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді-де қазіргі түркі тілдерінде, мысалы қазақ тілінде «сеңгір таулар», «заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. көне қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа соғды жазулары тарады. ол ежелгі қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. мысалы қазіргі қазақстанның оңтүстігінен табылып отырған «күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады. көне түркі жазуының жалпы сипаттамасы көне түркі жазулары немесе көне түркі алфавиті – дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таң жазады. негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған көне түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды: 1. енисей ескерткіштері. 2. талас ескерткіштері. 3. орхон ескерткіштері. орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айрмасында және жалпы жазу таңң қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. алайда түркі ң жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы енисей-лена бойынан, сібірден, байкал аймағынан монғолия далаларына, орхон жеріне, одан қазақстан мен қырғызстан, шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. ал жазылу үрдісі, таңң қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі. 1. енисей ескерткіштеріне енисей бойынан және тува, хакас, алтай республикаларының (бәрі де ресей құрамындағы түркі республикалары) аймағынан және ресейдің батыс сібірде орналасқан жаңасібір (новосибирск) облысы мен ертіс бойынан табылған жазулар жатады. оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. бұл аймақтан табылып отырған көне түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей. 2. талас ескерткіштері. бұл аймақтағы жазулар оңтүстік қазақстан, жетісу, сыр бойы мен қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі жамбыл облысында. қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты. 3. орхон ескерткіштері. монғолиядағы орхон, селенг, тола өзендерінің бойынан және ресейдегі минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді осы топқа жатады. бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «құтлығ қаған», «білге қаған», «күлтегін», «тоныкөк», «күлі чор» және «мойын чор» ескерткіштерінің орны ерекше. яғни көне түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында сібір, монғолия, шыңжаң, қазақстан, қырғызстан және оңтүстік ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы ұлы түркі қағандығы, одан бөлінген батыс және шығыс түркі, түргеш, хазар қағандықтары мен көк түркілер (екінші түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумағы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. бұдан басқа қазіргі ғылымға көне түркі жазуларының тибет аймағындағы және еуропалық далаларындағы нұсқалары белгілі. көне түркі жазуының мазмұны көне түркі жазуының құпиясын ашқан даниялық ғалым вильгельм томсен болатын (1893 жылы бастап). кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. оған 20 ғасырда түркі елдерінің ғалымдары – татар, өзбек, түрік, қазақ, әзірбайжан зерттеушілері қосылды. кейде «руна (руникалық) жазулары» деп аталады. оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының ұқсайтын еді.

4,8(63 оценок)
Ответ:
098марина080
098марина080
16.11.2021

Дәрігер болғым келеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

4,5(87 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ