М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
джулялучшая
джулялучшая
25.07.2020 14:43 •  Қазақ тiлi

2.Тәуелсіздік үшін күрескен атакты сактар есімгері берілген , кестеге олардың жасаган ерлік істері мен ереккиз авторларын жазыңыз , ар . Атақты сақтар Ерлік істері Дереккөз анторлары Томирис пати Пирак | Спитамен ​

👇
Ответ:
классоопп
классоопп
25.07.2020

Томирис-яғни,Тұмар ханша бейбіт жатқан сақ еліне шабуыл жасап, аяусыз қырған қанішер Кирді және оның сарбаздарын аз ғана әскерімен далалық ұрыс әдісін тиімді пайдалану арқылы жеңіп, елін аман сақтап қалған. Шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кирдің денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған меске салған.Осылайша күнгей түркі сақтар өздерін жаулауға жасанып келген басқыншылардан елінің тәуелсіздігін сақтап қалады. Томирис ханша осы елбасылық ұлы тұлғасымен, қолбасшылық асқан ерлігімен тарихқа енеді.

Спитамен-Спитамен өз елі мен жерінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен қолбасы еді. Ол бүкіл Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресін шеберлікпен ұйымдастырды. Жарты әлемді дірілдетіп, қарсы келгендерді аяусыздықпен жазалап, қатыгездігімен аты әйгілі болған, бүкіл әлемді жаулап алуды көксеген Александрға бірнеше рет тойтарыс берген соғдылықтар, бактриялықтар мен сақтар болды. Олардың үш жылдан астам уақытқа созылған ерлік күресі Александрдың әскерін қалжыратты. Оның жауынгерлері мен қолбасыларының арасында соғысты тезірек аяқтап, елге қайту туралы пікір көбейді. Ақыры бүкіл әлемді бағындырмақ болған Александр кері қайтуға мәжбүр болды.

Шырақ батыр-Б.з.д. 520 жылы Дарий бастаған 700 мыңдық әскер, қазіргі Қазақстан мемлекетінің аумағына баса-көктеп кірді. Дарий көшпенді тайпаларды бағындырған соң, Азия мен Еуропаны жаулап алуды көздеген. Бірақ, оның жоспары сәтсіз аяқталды. Бұл заманда сақтардың біртұтас билігі болған жоқ. Көптеген тайпалар, бір-бірімен жер үшін күрес жүргізіп отырған. Скунха есімді тайпа көсемі, парсы әскеріне тойтарыс беруге шешім қабылдады. Оның ұлы – Шырақ, сақтардың ішіндегі ең мықты жауынгерлердің бірі болып саналған. Ол бейбіт өмірді жақсы көрген. Бірақ, Шырақтың тайпасына жаулар шабуыл жасап, ұрыс кезінде оның әйелі көз жұмды. Өз сүйіктісін жерлеп, жеті күн қатты қайғырды. Жетінші күні әйелінің өлімі үшін кек қайтарамын деп ант берді. Парсыларға қарсы тұру мақсатында әскери кеңес құрылды. Бұл кеңесте Шырақ өз жоспарын ұсынды. Ол былай деді: «Біз шөлді далада өмір сүріп жатырмыз. Соңымыздан өз әскерімен Дарий келе жатыр. Егер парсыларды алдап, шөлдің ортасына апарсақ, онда олардың көзін құртамыз. Бірақ, менде бір өтінішім бар: мен қайтыс болғаннан кейін, балаларыма қамқор болыңыз, олар жетім болып қалмасың». Осыдай кейін, Шырақ өзінің құлағы мен мұрнын кесіп тастап, парсыларға келді. Дарийдің алдына келгенде, ол өз халқына не үшін опасыздық жасап жатқанын түсіндіре бастады. «Міне, олардың маған не істегендерін қараңыз! Мен олардан кек алуым керек! Сіздерді бұрма жол арқылы, скиф армиясының тылына әкелемін. Осылайша, олардан өз өшімді аламын!» деді. Шөл далада жеті күн бойы жүрген Дарийдің сарбаздары, шөлден және ыстықтан өле бастады. Ақыры, патшаның шыдамы таусылып, парсылар Шырақты өлтіріп тастады. Бұл тұзақтың кесірінен, парсы әскерінің жартысы қырылып қалды. Мыңдаған жыл өтсе де, осы батырдың жасаған ерлігі, әлі күнге дейін ұмытылған жоқ!

Дереккөздер:

1. Р. Жұматаев, тарихшы «Сақ» атауы қайдан шыққан? (қаз.). ukkz.net. «Үш қиян» газеті (23 Ақпан 2012). Тексерілді, 9 наурыз 2012.

2. Тараз энциклопедиясы

3. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3

4. Ежелгі Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра " 2009

4,7(72 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
DzhamalHAS
DzhamalHAS
25.07.2020

 

Тауда дарақ, екі бұтақ,
Біреуі гүлді, біреуі гүлсіз.
/Жыл, жаз, қыз/.

 

                                           Базардан бір текемет алдым сатып,

Алты айдай текеметте жүрдім жатып.
Бұл іске мен ғажайып болып тұрдым,
Қалды ғой алты айдан соң айран қатып.
/Жаз бен қыс/.

 

Басына биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.
Ат мінген бұл екеуі жүгендемей,
Дүниені кетпекші емес түгендемей,
Астында екеуінің аты бар,
Құрығы шолақ болған бөгендемей.
/Жыл, жаз, қыс/.
 

Көрсең реңді, қарасаң көрікті,
Ол болмаса жұрттың бәрі
Бір бәлеге жолықты.
/Жаз/.

 

Шақырса келмес,
Жаяу жүрмес.
/Жаз/.

 

Жерде жоқ, көкте жоқ,
Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі-ащы,
Біреуі-тұщы.
/Он екі ай, жаз бен қыс/.

 

Екі үлкен нар көрдім,
Бірінің жақсы нұры бар,
Бірінің жаман түрі бар,
Арасында үзілмес бұйда жібі бар.
/Жаз бен қыс/.

4,6(73 оценок)
Ответ:
KseshaMail
KseshaMail
25.07.2020

Їш жїз алпыс бес жасадым болып жуан, 
Ќырыќ сегіз ќызды болдым бір алуан. 
Ќатар ґскен бар меніѕ он екі ўлым, 
Бір ўлым бар олар да ерек туєан. 
/Бір жыл, ќырыќ сегіз жўма,он екі ай,бір ай/. 

Ойдан шыќты бўл жўмбаќ, 
Ойшыл ерлер ойлан тап. 
Ґзгермейді ґзінен 
Бўл жаћанда бір дараќ. 
Ол дараќтын бойында 
Дјл он екі бар бўтаќ. 
Бўтаќтардыѕ басында, 
Їш жїз алпыс жапыраќ. 
Жапыраќты ќарасаќ, 
Бір жаєы ќара, бір жаєы аќ, 
Бўл жўмбаќты кім шешсе, 
Болсын дейміз жасы ўзаќ. 
/Жыл он екі ай,їш жїз алпыс кїн, кїн мен тїн/. 

Їш жїз алпыс бес шыєыршыќ, 
Ќырыќ сегіз тыєыншыќ, 
Аќќу жылына екі рет балалайды. 
/Їш жїз алпыс бес кїн,ќырыќ сегіз жўма,екі айт/. 

Їш жїз алпыс алты анасы, 
Ќырыќ сегіз болар баласы. 
Он сегіз бґлек ўясы, 
Ішінде екі аќ жўмыртќасы. 
/Жыл,бір жылдаєы апта,кїн,ай/. 

Їй артында бір дуан, 
Бір ўлы бар ханєа дуан, 
Ќырыќ сегіз ќызы бар, 
Бјрі жуан. 
/Бір жыл,бір ай ораза,бір жылдаєы ќырыќ сегіз жўма/. 

Тауда дараќ, екі бўтаќ, 
Біреуі гїлді, біреуі гїлсіз. 
/Жыл, жаз, ќыз/. 

4,4(98 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ