«Оливье» салатын дайындау тәсілі.
«Оливье» салаты әдетте Жаңа жыл символы саналып, көп отбасыларында Жаңа жыл қарсаңында көп мөлшерде әзірленеді. Әркімнің бұл салатты жасау тәсілі әртүрлі болуы мүмкін. Төменде біздің үйде жасалынатын рецептпен бөлісемін.
Керекті азық – түлік:
Картоп 3 – 4 дана (орташа);
Сәбіз 2 – 3 дана (орташа);
Жұмыртқа 6 – 8 дана (бірінші категориялы);
Шұжық (колбаса) немесе піскен ет 400 гр.
Тұздалған қияр 300 гр.
Көк бұршақ 1 құты
Майонез 4 – 5 ас қасық.
Тұз қалауыңыз бойынша.
Дайындалу барысы:
Алдымен жұмыртқаның сыртын жуып, үлкендеу ыдысқа картоп, сәбізбен бірге салып, су құямыз да, оны пешке қоямыз. Ол қайнағаннан кейін, отты ақырынға қоямыз да, 15 – 20 минут шамасында пісіреміз. Көкөністер піскенше шұжық пен тұздалған қиярды кішкене текше пішіндес етіп турап, үлкен тегешке саламыз. Піскен көкөністер суыған соң, оларды да кішкене текше пішіндес етіп тураймыз. Жұмыртқаның сыртын тазалап, оны да турап, тегешке саламыз. Бір құты көк бұршақ пен майонезді қосып араластырамыз. Дәмін көріп, тұзы аздау болса, сәл тұз қосамыз. Дайын салаттың бетін жауып, бір – екі сағат тоңазытқышқа салып қоямыз. Салқын күйінде дәмдірек. Астарыңыз дәмді болсын!
Атау септик-Наурыз коже
Илик септик-Наурыз коженин
Барыс септик-Наурыз кожеге
Табыс септик-Наурыз кожени
Жатыс септик-Наурыз кожеде
Шыгыс септик-Наурыз кожеден
Комектес септик-Наурыз кожемен
Объяснение:
Просто у меня нету казахские буквы в компьютере,так что сорри за это)