М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Lukanuta2704
Lukanuta2704
22.01.2021 00:49 •  Қазақ тiлi

Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер - әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық кімдерге ерекше әсер етті? Қалай ойлайсыз,
бүгінгі жасөспірімдер үшін үлгі бола ала ма?Кейіпкер бейнесін адамгершілік
тұрғысынан талдаңыз. (2-3 сөйлем)​

👇
Ответ:
Anastasiia11111111
Anastasiia11111111
22.01.2021

Сансызбай Сарғасқаевтың “Тәмпіш қара” повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген.Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: «Танысу», «Тілеп алған азап», «Әзілі ме шыны ма?» , «Өкініш», «Теке қарт», «Не болды бізге?», «Бұдан кейінгі күндерде …», «Ойламаған жерден», «Үш күн қалғанда» деп келеді.Басты кейіпкер- тәмпіш қара Шаншатай.. Повесте Шаншатайға тән әдептілік,ұқыптылық,еңбексүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады. Шаншатай бойындағы асыл қасиеттер- әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық әңгіме кейіпкерлері Ертай, Бисекүл, Иманбектерге ерекше әсер етіп,үлгі бола білсе,бүгінгі жасөспірімдерге де үлкен өнеге. Жасөспірімдер бейнесі- балалар әдебиетінің жас буындарды патриоттық рухта тәрбиелеуде ең басты роль атқарып отырғанының айқын дәлелі.Осының бәрін айта келіп, бала тәрбиелеудегі ең негізгі тірек оларды еңбекке үйретуден басталуға тиіс деген ойға келеміз.Өйткені еңбек етуге үйренген бала сабақты жақсы оқудан да, ата-ананың түрлі тапсырмаларын орындаудан да жалықпайтын болады.Еңбек етуге жаттыққан сайын, оның ыждақаттығы да арта түседі.Ұқыптылық та, әдептілік те, үлкенді сыйлаушылық та, қоғамға пайдалы үлес қосатын байыпты, парасатты азамат болу да осыдан келіп шығады.Повестегі кейіпкерлер:ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек. Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген.Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін.Шаншатай-қаладан келген көзі ашық бала, ол «Октябрь балалары» деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі. Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады.Қазіргі жас жеткіншектер барлық мүмкіндіктері бола тұрса да балалар басылымдарына көп жазыла бермейді,ал повесть кейіпкерлері сол газеттің келуін асыға күтіп,тіпті ауылдан жырақта тұратын Теке қарияның үйіне іздеп барып, алып оқиды.

Объяснение:

4,7(18 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Гульжа1234
Гульжа1234
22.01.2021

Әлеуметтік желінің залалы

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әлеуметтік желілердің залалы да жетерлік. Ол, тіптен пайдасынан көбірек болып жатады. Сондықтан, әр адам әлеуметтік желіні пайдаланбас бұрын оның пайдасы мен залалын таразылап алғаны дұрыс.

Әлеуметтік желі ең алдымен, адамның алтын уақытын жейді. Уақыт – Алланың адамға берген ең үлкен байлығы және баға жетпес құндылығы. Жоғалтқан уақытты ешқандай жолмен қайтара алмайсыз. Әлеуметтік желіде күн сайын жеті-сегіз, тіпті одан да көп сағаттап отыратындар алтын уақыттарын жоғалтып жатқандар.

Екінші залалы – әлеуметтік желі адамды белсенді емес тұтынушыға, яғни көк жалқауға айналдырады. Әрине, әлеуметтік желіні адамдар әртүрлі мақсатта пайдалануына болады, оның ішінде жаңа нәрселерді жасап, соны жұртқы ұсынуға да мүмкіндік бар. Дегенмен, оны тұтынушылардың көбі жаңаны жасағаннан гөрі, ұсынылып жатқан ақпараттарды тұтынғанды жөн санайды.

4,6(71 оценок)
Ответ:
nickieivanov
nickieivanov
22.01.2021

ответ:Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 75

жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та

ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ

үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың

мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен

офицерлердің айбыны, тылдағы жеңісті жақындатқан жұмысшылардың

ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейді.

Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен

жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері

Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана

емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы

мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні –

абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға

деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізді.

Ұлы Отан соғысы 4 жылға созылды. Майдан даласында

600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты. Соғыста қаза

тапқандардың саны туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.Осы қарияларымызға ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды

бейбітшілік, мықты денсаулық тілеймін!Ал кейбіреулері өмірден өтті,жаткан жерлері жайлы болсын!

Объяснение:

Жеңіс күні такырыбына(2)

4,5(43 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ