Қазақ жерінде 130-дан астам ұлт өкілі тұрады. Ол мен үшін мақтаныш. Неге десеңіз 130 ұлт өкілдері бір елде бейбіт өмір сүруі өте ғажап. Мысалыға менің көршілерім татар мен орыстар, біз олармен жақсы қарым қатынастамыз. Қандай ұлт өкілі болмасын туған, туып өскен жеріңді қадірлеп, құрметтеу қажетсің. Ол еліңнің жарқын болашағы мен келешек ұрпақ үшін. Ешқашан ұлтқа бөлініп, ұлтшыл болмау қажет. Себебі бүкіл адам дәрежесі бірдей, ешқандай адам артық болып туылмайды. Барлық пенде бірдей, ақ болсын, қара болсын, ешкім мәңгі өмір сүрмейді. Сол қысқа өмірде татулыққа не жетсін
Ұлы Ардагер, Тәуелсіз Қазақстанымыздың ең
алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры,
партизан Қасым Қайсенов атамыздың "Жау
тылындағы бала" повесі 1961 жылы жазылған
болатын. Бұл - ерлікке, адамгершілікке толы
шығарма деп білемін. Бұл повесте сұрапыл
Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде
он жасар қазақ баласының партизандар
қатарында болған қилы өмір соқпағы
суреттеледі. Осы шығарманы оқи отырып
өзім соғыста болғандай сезімде болдым.
Шығарманың бас кейіпкері - Серік ата-
анасынан жетім қалады. Осы бір жері
көңіліме қатты батып, көзіме жас ұялатып,
жүрегім мұңды күй кешті. Бірақ адамгершілігі
мол Анна Ивановна оны өз алақанына
алып, ұлы Бориспен біргі өсіреді. Боря
өте ақылды,қайсар,адамгершілігі мол, ол
Серікпен жақсы дос еді, екеуі жақсыны да,
жаманды да бірге көріп өскен балалар. Серік
кішкентай болғанымен, шаруаға мығым, ересек
адамдардың шаруасына бірден кірісе кететін
бала. Жанкештілікпен Отан үшін алысқан
партизандар сәулетті қала мен күл болған
селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-
қарындасты көрді. Бостандық үшін, болашақ
бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан
ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл
Армия көмекке келеді. Повесть соңында
Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен
аман-есен кездеседі.
жибек жолынын узындыгы канша?
керуендер не саткан?
жибек жолы биздин заманымызга дейин неше жыл болган
Объяснение: