М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
elena30lazarev
elena30lazarev
21.03.2021 04:45 •  Қазақ тiлi

1. Гендік өзгеріске ұшыраған өнімдерге жүргізілген сынамалар нені көрсетті? 2. Ондай көкөністерде қандай жануарлардың гені бар?
3. Олардың адам ағзасына зияны мен пайдасы толық зерттелді ме?​

👇
Ответ:
AliseNikylina
AliseNikylina
21.03.2021

Объяснение:

Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда, әлем ғалымдарының да, қоғамның да пікірі екіге жарылады. Біреулер бұл адамзат үшін өте қажет десе, келесілері олардың адам денсаулығына зияндығын алға тартады. ГМО өнімдерін жақтаушылар бұндай өнімдерін шығару адамзатты аштықтан құтқаратын бірден-бір жол деп тұжырымдайды. Өйткені тағы 40-50 жылдан кейін Жер бетіндегі тұрғындардың саны 11 миллиардқа дейін жетуі мүмкін. Яғни ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс та артады. Бұл мәселені ГМО арқылы бірден шешуге болады. Ал қарсыластары оның адам денсаулығына әсері толықтай зерттелмегенін алға тартады. Қалай десек те, гендік тұрғыда өзгерген өнімдер адамзат өміріне дендеп еніп келеді. Бір мемлекеттер оларды шығаруға, таратуға заңмен қатаң тыйым салса, кейбір елдерде рұқсат берілген, келесілері либерал көрқарас ұстанады.

Мәселен, қазіргі кезде Ресей Думасы ГМО өнімдерін елге кіргізуге тыйым салу туралы заң жобасын талқылап жатыр. Яғни бұл саланы мемлекеттік тұрғыда бақылауды қолға алмақ. Ал Қазақстанда бірнеше жылдан бері олардың пайдасы мен зияны туралы қанша рет талқыланса да, мәселе ашық күйінде қалып отыр. Өйткені нақты сүбелі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Ал азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі шеттен келетіндіктен, сарапшылар Қазақстан дүкендерінде де құрамында гендік тұрғыда өзгеріске ұшыған компонентттері бар азық-түліктер дүкен сөрелеріне түсе бастағандығын айтады. Дегенмен ел Президенті биылғы жолдауында агросекторды дамыту мәселесіне тоқтала келіп, ГМО өнімдерінен қорқудың еш қажеттілігі жоқ деп тұжырымдады. Алайда, Қазақстанда әлі күнге ГМО өнімдеріне қатысты заңдық негіз қалыптаспады. Тек 2010 жылы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР заңы күшіне еніп, сол жерде бір-екі ауыз айтылады. Аталмыш заң өндірушілерді егер өнім құрамында ГМО 0,9 пайыз және одан да жоғары болатын болса, өнімдерін маркілеуді міндеттейді. Маркілік таңбаның жоқтығы үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, лицензиясынан айыру немесе бұл іспен айналысуға 3 жылға дейін тыйым салу қарастырылған. Осыдан 2 жыл бұрын «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы әзірленіп, Парламентке жолдаған болатын. Сол кезде Ұлттық биотехнологиялық орталықтың директоры Ерлан Рахманқұлов бұл заң бір жылдың ішінде қабылданады деп мәлімдеген еді. Алайда талай талқылаудан өтсе де, нақты шешім қабылданған жоқ. Ақпан айының басында ауылшаруашылыгы министрлігі таратқан ақпаратта бұл заңның әлі күнге Парламенттің төменді палатасында жатқандығы айтылады. Гендік модификацияланған ағзалар дегеніміз – гендік инженерия көмегімен жасалған тірі ағзалар мен азық-түлік өнімдері. Бұл өзгеріс өсімдік геніне жануалардың генін енгізу арқылы жүзеге асырылады.

4,5(23 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kckekdkalexter
kckekdkalexter
21.03.2021

Отанымыз, кең байтақ еліміз, қазақ ата-бабаларымыздан қалған жер — Қазақстан. Басқа елдерге кетсек, өз елімізді өте қатты аңсаймыз. Әр кісі өз туған жерін іздейді. «Әркімнің өз елі-Мысыр шаһары» деген мақал-мәтелді босқа айтпаған.Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым.(1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.). Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70 бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.

Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кенорны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша  екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.

Ескерту. Интернет желісіндегі материалдар алынды.

Объяснение:

4,4(98 оценок)
Ответ:
Taticyan707
Taticyan707
21.03.2021
Егер бы мен зиялы болдым, мен бы зертте- облыста шұғылданушымын медициналар. Маған сияқты - сол қазір адамдар ең басты. Мен бы таптым бы СПИД жеңген вакцинаны. Мен бы жайды аштым және нақты болғаны аурусыз  және, басты, сенімді қию, жеңу чтобы шаян, қарамастан мүмкін, ең басты және әбден шетін ауруды адамзаттың. Тап мен жұмыс істедім бы, сияқты ғалым этойц облыста. Потому не, біз ертең Марс полетим, біз бүрсігүні полетим, қарамастан немесе чрехүш күн. Сол қызық, бірақ емес олай түбегейлі. Ал міне біз жоқ құтылыстармыз адамның бүгін - ертең уже біреудің құтқару болады. Сол себептен, егер бы мен зиялы болды, мен бы зертте- медицинаның облысында шұғылданушымын.  
4,8(10 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ