Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың жаһандық дағдарысы Жер шарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туып отыр. Бұл жағдайда антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді арақатынасын ұйымдастыруға бағытталған барлық күшті жұмылдыру қажет. Қазақ халқының біртуар данышпандары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, т.б еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп алуға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, туған жерін, Отанын құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек, әрбір а кезінен Қазақстаным – менің Отаным, ол мен үшін жауапты, мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болуы тиіс» – деп көрсетті. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отансүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, «табиғат – қоғам – адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Бірақ, қоғам дамуының қазіргі сатысында адамзат табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, онымен өзара үйлесімділікте өмір сүру керек екендігін әлдеқашан анықтап алған. Бұл жағдайда өскелең ұрпақтың экологиялық білімі, тәрбие мәселесі маңызды рөлге ие болады. Қоршаған ортадағы адамның орнын түсінуге негізделген табиғатқа деген адамгершілікті қарым-қатынасын, табиғатты қорғауға деген ұмтылыстарын және әлемнің біртұтастығы мен ондағы адамның орны туралы түсінігін, өзін табиғаттың бір бөлшегі деп тануы жайлы білімдерін сонымен бірге табиғаттағы тіршілік иелеріне деген жанашырлық сезімдерін ояту мен қалыптастыру, жас ұрпақтың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Елбасымыз өз Жолдауында атап өткендей, бұл жыл тәуелсіздікке қол жеткізген, көк байрағы желбіреген, қарқынды қадаммен алға басып келе жатқан қазақ халқы үшін ерекше жыл. Осы 20 жылдықтың тәуелсіздікке қоршаған ортаны қорғау жүйесі бойынша да қосары көп болмақ. Біздің міндет экологиялық мәселелердің маңыздылығын көрсету ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпаққа экологиялық сананы адамзаттың жалпы мәдени-табиғи дамуының бөлігі ретінде көрсету. Сондай-ақ, табиғатты сақтау мен қорғауға, табиғат-анаға көмектесуге ықпал етуді ойлаудың ерекше түрін қалыптастыру. Оны қалыптастыратын, дамытатын, жетілдіретін – өсіп келе жатқан ұрпақ.
Сіз табиғатты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін ойлап көрдіңіз бе? Жоқ? Бекер. Табиғат - бұл біздің байлығымыз, оны сақтау керек. Табиғат әдемі ғана емес, оның бізге пайдасы да бар. Жасыл ағаштар бізге оттегін береді, бұл біз үшін өте маңызды. Өкінішке орай, кейбір адамдар біздің байлығымызды сақтау үшін ештеңе жасамайды. Қазіргі кезде адамдар қоқысты қоқыс жәшігіне емес жерге тастай салады. Сол қоқыстын кесірінен ауа ластанады, сол ауамен адамдар тыныс алады. Біз негізі өзіміз ауаны ластаймыз. Егер тазалық қатаң сақталатын болса, онда ауада таза болады. Табиғатты қорғау, аялау біздің қолымыз да!
Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.
Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем». «Тіл – асыл ойдың бұлағы». «Тіл –құдірет». «Тіл - тәуелсіздік тұғыры». «Тіл – ұлттың жан дүниесі».
Тіл құдіреті - ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді.
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.
Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.
«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.
Үзілмей келе жатқан осындай даналық дәстүрінің жалғасын біз бүгінгі ұрпақтан да көреміз. Ана тіліміздің айтып жеткізуге болмайтын асыл қасиеттерін тап басып танып, қанатты сөздерге айналдырған зиялыларымыз да баршылық.
Бүгінгі қазақ тілінің тағдыр мен болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр.
Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.
Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.
Қазақ тілінің жанашыры болған сатирик ақын Шона Сымаханұлының бір шумақ өлеңінде осындай жағдайды сипаттайды:
Қазіргінің баласы,
Көп білем деп көкиді.
Әкесінің жазғанын
«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.
Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз.